Алғыс айтамыз!

Алғыс айтамыз!
09.12.2016
259
Жастар

Алғыс айтамыз!

Қарашаның 24-25 күндері Ақтөбе қаласында «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ ұйымдастыруымен дәстүрлі ІІІ Жас мамандар слеті болып өтті. 

«Өзіңнен баста» атты шараның ашылу салтанаты «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті Серік Әбденовтің компанияның жаңа даму сатысы, мүмкіндіктері тақырыбында басталып, өңірлерден келген жас мамандар көшбасшыларының «Кадрлық резерв», «Дебат клубы», «Брейн ринг», «Бабалар жүрген із», «English club» және тағы басқа іске асқан жобалар жөнінде тәжірибемен бөлісу презентацияларын таныстырумен жалғасты.
Шара аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жас мұнайшылармен еркін форматта кездесіп, жастардың көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жастар саясатына үлес қосып жүрген барлық компаниялардың жастарына Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті Серік Әбденовтің атынан алғыс хаттар табысталды.
Жас мамандар жиынның екінші күнінде «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау», «Дуальдық оқыту бағдарлама тәжірибесі», «Челябі құбыр жаймалау зауытының оқыту полигоны» шеберлік кластарына қатысып, сұрақтарына тұщымды жауап алды. 
Содан соң, жас мамандар қаланың орталығында орналасқан тұңғыш президент саябағына қарағай талдар отырғызу рәсіміне қатысты.
Слеттің жастар үшін маңызы зор. Бұл орайда жас мамандарды әрқашан қолдап жүрген «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ, барлық еншілес мекемелер басшыларына және «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басшылығына жас мамандар атынан алғысымызды білдіреміз.

Орынбасар Сейдов, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшесі

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх