Жастар форумынан үлкен әсер алдым

Жастар форумынан үлкен әсер алдым
09.12.2016
275
Жастар

Жастар форумынан үлкен әсер алдым

1 желтоқсан күні Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Республикалық жастар форумына Маңғыстау облысынан 20-ға жуық жас қатыстық. Елбасының қатысуымен өткен алқалы жиыннан үлкен әсер алдым. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен алқалы жиынға өндірістің түрлі салаларының еңбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде жастардың қоғамда өз орнын табуына мүмкіндіктер жасалғанын, сапалы білім алудың маңыздылығына назар аударды. Мұнай саласында еңбек етіп жатқан жастар үшін мұндай мазмұнды, кең ауқымдағы түрлі сала өкілдері қатысқан форум жаңа жетістіктерге жетуге жігерлендіреді. Бүгінгі заман талаптарына сай деңгейге көтеріліп, біліміміз бен біліктілігімізді жетілдіріп, елмен бірге өсіп-өркендеу – жастар алдындағы маңызды міндет. Біз еліміздің жарқын болашағына лайықты еңбегімізбен үлес қосуға күш саламыз.

Данияр Оралов, 
«Қаражанбасмұнай» АҚ Мұнай газ өндіру инженері, Жас мамандар кеңесінің төрағасы

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх