Энергетиктер күні құтты болсын!

Энергетиктер күні құтты болсын!
09.12.2016
438
Қызметкерлер

Энергетиктер күні құтты болсын!

Энергетиктер күні мерекесімен осы салада жұмыс жасайтын барша маман иелерін шын жүректен құттықтаймын. Мұнай өндірісінің дамуына энергетика саласы зор үлесін қосып келеді. «Өзенэнергомұнай» басқармасы мұнай өндіруді тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтып отырған кәсіпорынның бірі. Сатиман Худайбергенов басқаратын «Орталық өндірістік технологиялық қызметі» барлық электр сызылымдармен қызмет істеп, Өндірістік энергетикалық қызметтерінде жасалып жатқан іс-шараларды бір қалыпты ұстап отыр. Ал апатты ажыратулар кезінде тиісті шара қолданып, өндірісті үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Төлеген Карабалин, Хожагелді Атабаев, Түркпенбай Касмаганбетов, Болатбек Рахмедов сынды  азаматтардың  басқаруымен  жоғарыда аталған Өндірістік энергетикалық қызметтері шаңырау электр қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарымен айналысады. «Қара алтынды» игеруде Өндірістік энергетикалық қызмет әрбір маманының үлесі зор. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Ардақ Балимбетов, 
«Өзенэнергомұнай» басқармасының ЕҚжҚТ инженері

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх