«Туған елге саяхат» жобасына қатысты

«Туған елге саяхат» жобасына қатысты
09.12.2016
2810
Әлеумет

«Туған елге саяхат» жобасына қатысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен ұйымдастырған «Туған елге саяхат» жобасына «Қаражанбасмұнай» АҚ үш жұмыскерінің баласы қатысты. Бұл Қазақстанның барлық түкпірлерінен жиналған балалардың күзгі демалыс кезінде еліміз бойынша 9 күндік турға аттануын қамтыған туристік пойыз. 12 мен 15 жас аралығындағы 120 бала Қазақстанның көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік алды.

Ақпанай Метерова, 
Маңғыстау облысы, Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы:

ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕРДІ БАСТАН ӨТКІЗДІК
– Бұл жоба – біздің өміріміздегі жарқын сәттердің бірі болды. Еліміздің тарихи, көрікті жерлерін көру – кім-кімге де арман. Біз сол арманымызға қол жеткіздік. Сол үшін, ұйымдастырушыларға, сапарымызға себепші болған әкемнің жұмыс орны – «Қаражанбасмұнай» АҚ-ына алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тілеймін!

Лаура Мұханбедиева, 
Маңғыстау облысы, М.Әбдіхалықов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы:

АЛҒАН ӘСЕРІМДІ сөзбен АЙТЫП ЖЕТКІЗУ МҮМКІН ЕМЕС
– Сапар қатты ұнады. Еліміздің Астана, Алматы, Түркістан, Байқоңыр қалаларын аралап, тарихи-мәдени, көрікті жерлерімен таныстық. Осы жобаны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Мөлдір Сапар, 
Маңғыстау облысы, Е.Айшуақұлы атындағы мектептің 9-сынып оқушысы:

АРМАНЫМА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІМ
– Жоба өте керемет болды. Ұйымдастыру деңгейі де жоғары. Түркістанға барып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тайқазанды көру – көкейімде көптен жүрген арманым еді. Шынымды айтсам, жобаға ілігетініме күмәнім де болған. Іректеуден өтіп, сапар аясында Түркістанға да баратынымды естігенімде қуанышымда шек болған жоқ. Арманыма қол жеткізген ұйымдастырушыларға, әкем қызмет атқаратын «Қаражанбасмұнай» мекемесіне рахмет айтамын! Біз, бұл жобаға оқудағы жетістіктеріміздің арқасында қатыстық. Іні, сіңлілерім де біздің ізімізді қуып, оқуда озат болса деймін!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх