Құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды

Құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды
27.12.2016
647
Қызметкерлер

Құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды

Желтоқсанның 15-і күні «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне және ел егемендігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шара еліміздің Әнұранымен ашылды.

Салтанатты шараның құрметті қонағы болған Парламент Сенатының депутаты, құрметті мұнайшы Ләззат Қиынов, мемлекеттік қайраткер Владимир Школьник ҚМГ БӨ орталық аппарат қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы естеліктерімен бөлісті. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиев еңбек ұжымын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Салтанатты жиында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Компанияның бір топ қызметкері мұнай-газ саласын дамытуға қосқан еңбектері үшін құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапатталды. 
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының өндірістің келешек дамуы жөніндегі басқарушы директоры Ахсанғали Бәйімбетов «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің медалімен марапатталды. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының мониторинг және өндірісті жедел басқару департаментінің жетекші инженері Бақтыбай Оразов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және «ҚазМұнайГаз» ҰК Құрмет грамотасымен марапатталды. Бір топ қызметкер ҚМГ БӨ Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталу қошеметіне ие болды. 4 қызметкер «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» жеке меншік мекемесінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Марапат төрінен табылғандар қатарында департамент директоры, басқарушы директор, мамандар, аутсорсинг секторының және көлік жүргізуші қызметкерлер бар. Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!
Шара соңы қызметкерлердің өздері дайындаған ән-күймен жалғасты.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх