«Қаражанбасмұнай» АҚ – 2016 жылдың үздік салық төлеушісі!

«Қаражанбасмұнай» АҚ  – 2016 жылдың үздік салық төлеушісі!
27.12.2016
325
Қызметкерлер

«Қаражанбасмұнай» АҚ – 2016 жылдың үздік салық төлеушісі!

6 желтоқсан күні Ақтау қаласында «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған байқаудың негізгі мақсаты – экономиканың сан саласында қызмет атқаратын салық төлеушілердің жетістігін көрсету, таза, ашық және сауатты жүргізілген бизнесті насихаттау, қоғам назарын Қазақстан экономикасына тікелей әсері бар салық төлеушілердің қызметіне аудару. 
Байқау қорытындысында «Қаражанбасмұнай» АҚ – Маңғыстау облысының 2016 жылғы үздік салық төлеушісі атанды. Компания Президенті Е.Қайыржанға жеңімпаз дипломын департамент басшысы Әлібек Тілегенов табыс етті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх