Электр қуаты – үздіксіз

Электр қуаты – үздіксіз
27.12.2016
334
Өндіріс

Электр қуаты – үздіксіз

«Ембімұнайэнерго» басқармасы барлығы 36 кен орнын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Мұндағы мұнай өндіру тербелмелерінің тоқтап қалмауы – бізге міндет. Сондықтан, Жайық, Прорва, Құлсары, Қайнар, Мақат және Доссор аудандық тораптарына біріктірілген жеті бөлімшедегі электр монтерлері күндіз-түні қызмет істеуде. Олар 158 шақырымдық 110 кВ әуе желісін қамтиды. Бұған 35 киловольттық 158,17 км әуе желісін қосыңыз. Өзгелерін айтпағанда, осының өзі біздің мамандарымыздан аса жауапкершілікті талап етеді.

Басқарма 1391 дана жинақы трансформатор қондырғыларына (КТП), 11дана 110/35/10-6кВ қосалқы стансаларына, 29 дана жинақы үлестіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта осы 1 391 дана КТП-ның 80% энергоменеджемент стандартына сәйкес жаңғыртылды. 
Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның электржабдықтары жаңартылды. Барлық тербелмелі-станоктардың басқару блоктары  жаңа деңгейге – жиілік түрлендіргіштерге көшті, яғни жерасты қабатының қысымын көтеру және мұнай айдау пунктеріндегі сораптардың бірқалыпты қосылуының арқасында электр энергиясы үнемделіп, электр қозғалтқышының іске қосылған кезіндегі тоқ күшінің көбеюі деген ұғым толығымен жойылды. Бірқатар кен орындарында электр қозғалтқыштарды қашықтан бақылап, олардың жұмыс параметрлерін  өзгерте алатын штангалы тереңдік сораптарды зиятты басқару жүйесі енгізілді. 
Қазір басқармаға қарасты барлық бөлімшелерде қауіпсіздік сыныбы жасақталған. Олар интерактивті тақталармен және SMART Board тест аппаратымен жабдықталған. Барлық сыныптар интерактивтік тақталармен, проекторлармен және дәрігерлік бірінші көмек көрсету үшін арнайы «Максим» атты жаттығу құрылғыларымен қамтылған. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлерінің қатысуымен техника қауіпсіздігі бойынша 10 фильм түсірілді. Бұл жерде фильмнің сценарийін жазған, түсірген, рольдерді ойнағандар да басқарманың қызметкерлері екенін айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Мұның бәрі – қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға бағытталған шаралар. Барлық әріптестерді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, энергетиктер күні және жаңа жылмен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Ташкент Айтбаев, басқарма басшысы

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх