Тәуелсіздік мерекесін лайықты атап өтті

27.12.2016
546
Қызметкерлер
Тәуелсіздік мерекесін лайықты атап өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен футбол, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, арқан тарту сияқты спорт түрлерінен сайыс болып өтті.
Сондай-ақ, жас мамандардың білімі мен біліктілігі сынға түсетін брейн-ринг интеллектуалдық ойны өткізілді. Аталған ойын өте жоғары деңгейде өтті. Ойын соңында ойынға белсенді қатысқан жас мамандар басшылық тарапынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Орынбасар Сейдов, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшесі