Тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті

Тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті
27.12.2016
411
Қызметкерлер

Тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай бір топ мұнайшылар марапатталды. Салтанатты шарада «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов еңбек ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, ұзақ жылдар бойы мұнай саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан жұмысшыларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыс етті.

Сондай-ақ, жиында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің арнайы құттықтау хатын Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі басқарушы директор Марат Себасов оқып берді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің марапаттары тапсырылды. Бұдан бөлек, Кәсіподақ комитетінің төрағасы Наурыз Сақтағанов та құттықтап, кәсіподақ атынан Құрмет грамоталарын табыстады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх