Білікті маман бәрін шешеді

Білікті маман бәрін шешеді
24.01.2017
531
Қызметкерлер

Білікті маман бәрін шешеді

«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерді дайындау мәселесіне ерекше мән береді. Осы бағытта компанияда жыл соңында өндірістік құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін басқару мәселелері бойынша жиын өткізіп, өткенді саралап, болашаққа бағдар жасау дәстүрі қалыптасқан. Былтыр желтоқсан айының соңында 2016 жылдың қорытындысына арналған осындай семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес жұмысына Компания бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков пен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі департаментінің директоры Эльмира Каримова қатысты.
– Өткен жылда біз көп жұмыстар атқардық. Қолға алынған жобалар бойынша жұмыстар жалғастырылды, жаңа жоспарлар – атап айтқанда, дуалдық оқыту жүйесін енгізу бойынша ауқымды әрі қызықты жоба жүзеге асырылды. Компания мұнайгаз саласында осы бағытта тың бастаманы қолға алған алғашқылардың бірі. Келесі жылы алдымызда маңызды міндеттер тұр, – деді әріптестеріне Компанияның қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Гүлбану Шарафетдинова. 
Семинар-кеңес барысында қатысушылар проблемалық мәселелерді қызу талқылап, оларды шешу жолын бірлесе қарастырса, түстен кейін «Кадр қызметкерлері үшін команда қалыптастыру» тренингі ұйымдастырылды. Шара қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды. Жоғарыда айтқанымыздай, Ембінің кадр жұмысындағы былтырғы жылғы жаңалықтың бірі – Дуалдық оқыту жобасы болатын. Оның басты мақсаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жоғарғы стандарттарына сай мұнайгаз саласы үшін мамандар даярлау және мұнайшылардың тәжірибе жүзіндегі дайындық сапасын арттыру. Оның оқыту бағыты қарапайым әрі тиімді: айдың жартысында студенттер өз оқу орындарында теориялық білім алады және қалған уақытта компанияның өндірістік бөлімшелері «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» және «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында ауысымдық әдіс бойынша жұмыс істейді. Әрбір жұмыс вахтасы үшін студенттер салық шығындарын қосқанда, 66 мың теңге мөлшерінде өтемақы алады. Барлық оқыту, тұру, тамақтандыру, арнаулы жұмыс киімдері мен тасымалдауды ұйымдастыру шығындарын, сонымен қатар, студенттерге берілетін төлемақыларды төлеуді Компания өз мойнына алды. Дуалдық оқыту аяқталғаннан кейін, тестілеуден сәтті өткен Атырау мұнайгаз университетінің 2 және «АРЕС Petrotechnic» колледжінің 2 түлегі Компанияға жұмысқа қабылданды.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх