Жаңа нысан пайдалануға берілді

Жаңа нысан пайдалануға берілді
24.01.2017
261
Өндіріс

Жаңа нысан пайдалануға берілді

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, №1 МГӨБ-сына қарасты №55 топтық қондырғыда жаңа 15 орындық тұрмыстық-шаруашылық кешені ашылып, мұнайшылар игілігіне берілді. 

Аталмыш нысанның салтанатты ашылу рәсіміне компанияның Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі басқарушы директоры Марат Себасов, Күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Бейсен Ратов, «Ақтауойлмаш» мердігер серіктестігінің техникалық директоры Кизат Абылхаиров, №1 МГӨБ директоры Бекболат Нұрлыбаев қатысты.
«Компанияның басты байлығы – қарапайым мұнайшы екендігін баса айтқым келіп отыр. Құла дүзде еңбек етіп, ел ырысын еселеп жүрген әріптестерімді жаңа мәдени нысандарымен шын жүректен құттықтаймын. Аталмыш нысанның тез арада бой көтеріп, пайдалануға берілуіне басқарма кәсіподақ төрағасы Ибрагим Сатыбаевтың үлесі зор екендігін айта кеткен жөн болар. Жалпы компаниямыздың әлеуметтік мәселесінің қанағаттандырарлық деңгейде екендігін атап айтқанымыз жөн», – деді өз сөзінде Марат Себасов.
Өз кезегінде басқарма директоры Бекболат Нұрлыбаев уақыт өте келе, көнерген есік, қарақожалақ пештің келмеске кеткендігін тілге тиек ете отырып, әріптестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Еңбек етуге жасалып жатқан жағдайды сезінген аталмыш топтық қондырғы операторлары Ханшайым Төлеева мен Алмагүл Имашевалар қамқорлық танытқан ел азаматтарына өздерінің риясыз алғыстарын білдірді.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх