Әріптесіміз – «Жыл адамы-2016» сыйлығының иегері!

24.01.2017
626
Қызметкерлер
Әріптесіміз – «Жыл адамы-2016» сыйлығының иегері!
Өткен жылдың 28 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы «Нұр Плаза» қонақ үйінде, жыл сайынғы «Жыл адамы – 2016» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті.
Байқаудың «Жыл мұнайшысы» аталымында әріптесіміз – «Қаражанбасмұнай» АҚ №1 Мұнай өндіру цехының операторы Ақмұрат Атшыбаев үздік деп танылды. Еңбек жолын 1979 жылы бастаған Ақмұрат Әбуұлының мұнай саласында қызмет жасағанына 37 жыл. Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін бірқатар марапаттарға ие болған.