Ішкі тренерлер мектебі ‘‘In-house Trainer School’’

Ішкі тренерлер мектебі ‘‘In-house Trainer School’’
24.01.2017
373
Қызметкерлер

Ішкі тренерлер мектебі ‘‘In-house Trainer School’’

«Жаңа жоба»

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ішкі тренерлер мектебі» – «In-house Trainer School» («ITS») жаңа жобасын іске қосты. Компанияның Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі департаментінің ұйымдастырумен іске қосылған жобаға 30-дан астам қызметкер қатысуға өтініш білдірді.

Ішкі тренерлер мектебін құрудағы мақсат – қызметкерлер біліктілігі мен корпоративтік мәдениет сапасын көтеру. Компанияның еншілес ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындары қызметкерлеріне өндірістік және басқарушылық міндеттерді шешуге қажетті кәсіби білім мен дағды-машықтар беруді қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқытуға арналған қаражатты тиімді пайдалану. Іріктеу кезеңінен өткен кандидаттардың алғашқы легі бизнес-тренер Ильдар Валиуллов өткізген  «Ішкі тренерлерге арналған тренинг» екі күндік семинарға қатысып, «Ақ» деген 1-дәреже тренерлерге арналған бастапқы оқудан табысты өтті. 
1-дәрежелі ішкі тренердің супервизия алуымен Қоғамда үш тренинг (3 сағаттық) өткізу мүмкіндігі бар. Супервизия – бұл сыртқы тренердің ішкі тренер жұмысын бақылауы және оған одан әрі кері байланыс ұсынуы. 
«Көк» деген 2-дәреже Қоғамда тренинг қатысушыларының кем дегенде 75%-ы жалпы қанағаттанушылық танытқан үш сағаттық үш тренинг өткізгеннен және супервизия алғаннан, 1-ші Оқу бағдарламасын (8 сағаттық) әзірлегеннен кейін беріледі. 2-дәрежелі ішкі тренердің Қоғамның қызметкерлері үшін тренингтер өткізуге мүмкіндігі бар. 
«Қара» деген 3-дәреже бес Оқу бағдарламасын әзірлегеннен, тренинг қатысушыларының кем дегенде 80%-ы жалпы қанағаттанушылық танытқан 3 тренинг (8 сағаттық) өткізгеннен кейін беріледі. 3-дәрежелі ішкі тренердің ҚБжЕТБ қызметкерлері үшін тренингтер өткізуге мүмкіндігі бар. 
«Триколор» деген 4-дәреже бес Оқу бағдарламасын әзірлегеннен, тренинг қатысушыларының кем дегенде 85%-ы жалпы қанағаттанушылық танытқан 5 тренинг (8 сағаттық) өткізгеннен кейін беріледі. 4-дәрежелі ішкі тренердің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдары арқылы ақы төленетін тренингтер өткізу мүмкіндігі болуы ықтимал.
Ішкі тренердің оқу іс-шарасын жүргізу сапасына қанағаттанушылықты бағалау үшін анонимдік сауалнама жүргізіледі.
Жобаға қызметкерлердің қызығушылығы жоғары екенін атап айтқан жөн. Іріктеу кезеңінен өтіп, бірінші «Ақ» дәрежесін алған Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінде жетекші экономист болып еңбек ететін Азамат Асанов тренингтің өзіңді басқа қырыңнан тануға, көп мәселені білуге ықыласыңды арттырып, әрі қарай дамуға деген ұмтылысқа жігерлендіреді деген ойымен бөлісті. «Күнделікті жағымды және жағымсыз жағдайларға салмақты көзқараспен қарауға тырысып, әр жағдайдың өзгешелігін сипаттауға тренингте алған тәжірибе көмектесетініне сенімдімін. Осындай жобаны ұйымдастырып, Компания қызметкерлерінің біліктілгі мен кәсіби шеберлігін арттыруды мақсат еткен ұйымдастырушыларға рахмет»,- дейді «Ақ» дәрежесін алған Геология және кен орындарын игеру департаментінің аға инженері Дамир Шырақбаев. Ішкі тренерлер мектебі жобасы жемісті болсын!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх