‘‘Брейн-ринг’’ интеллектуалдық ойыны өтті

‘‘Брейн-ринг’’ интеллектуалдық ойыны өтті
24.01.2017
400
Жастар

‘‘Брейн-ринг’’ интеллектуалдық ойыны өтті

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-де Маңғыстау облыстық Жас мамандар кеңесі альянсының ұйымдастыруымен серіктестіктің бас ғимаратында «Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны болып өтті.

Аталмыш сайысқа «Өзенмұнайгаз», «ӨзенМұнайСервис», «Қаражанбасмұнай», «ТұлпарМұнайСервис», «АрғымақТрансСервис», «ҚазМұнайТеңіз», «Бұрғылау», «СӨТБ» мекемелерінің қызметкерлері қатысып, өздерінің ұшқыр ойларын және тапқырлығын көрсетті. Ойынның мақсаты – мұнайшы жастардың білімдерін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және қызметкерлер арасындағы байланысты нығайту. Қаламыз бен еліміздің болашағы мен тарихына қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады. Ереже бойынша жарыста  қатысушыларға сұрақ қойылып, оған әр команда мүшелері 20 секунд ішінде жауап беруі тиіс. Ойыншылардың айтуынша, сайыс барысында әртүрлі тақырыптарда  қызықты сұрақтар қойылды. Сайыс әсерлі өтті. Жастар болашақта осындай ойындар жиі болып тұрса екен деген тілектерін білдірді. Ойын соңында жеңіске жеткен командаларға алғыс хаттар беріліп, үздік ойыншылар марапатталды. Зерделі жастардың бұдан да биік белестерді бағындырып, республикалық деңгейден көрінуіне тілектеспіз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх