Мұнай үлкен ғылым!

Мұнай үлкен ғылым!
24.01.2017
645
Қызметкерлер

Мұнай үлкен ғылым!

Жер астындағы «қара алтын» қорын барынша игеріп, қабаттар мен қойнаулардағы қалдық мұнайды қалдырмай шығарып алуға құштарлық ізденгеннің ғана талмас мұраты. Аты да затына сай Мұрат Қожабергенов осындай ізденістегі маман десек болады. Ол «Өзенмұнайгаз» АҚ, №1 МГӨБ басқармасының жетекші инженері болып еңбек етеді.

Қабат тылсымынан шығып, құбырларды қуалап кетіп жатқан Өзен мұнайының жеті қабат жер астындағы жұмбағын іздеген жігіт, қайтсем де қалдық мұнайды шығарам деген жолда өндіріс пен ғылымды қатар ұстап келеді. Еңбектерінің нәтижесі де жоқ емес. Оның «Зертханалық әдісте жерасты қойнауындағы қалдық мұнайды шығарудың жаңа тәсілдері мен технологиялары» тақырыбындағы жұмысы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы ұйымдастырған «2016 жылдың үздік инженері» байқауында үздік танылып, алтын медаль жүлдесін алды. Мұрат ұсынған технологияны Қазақстан мен Ресейдің бірқатар кенорындары пайдалануда. 
«Қазіргі кезде елімізде игеріліп жатқан мұнай кен орындарындағы қабатта шоғырланған қалдық мұнай мөлшері ұлғая түсуде. Келешекте аталған қорлар рөлінің артатынын ескере отырып, оларды тиімді игеру үшін қабаттардың мұнай бергіштігін арттырудың қазіргі замандағы әдістері мен технологияларын пайдаланып, қолдану керек. Нақты бір кеніштер үшін тиімді саналатын қабатқа әсер ету әдістерін қолдану арқылы мұнаймен бірге өндірілетін су көлемін азайту және игерілген қабаттардың мұнай бергіштігін жоғарылату, сондай-ақ қабаттардың жуылған аймақтарындағы қалдық мұнайды шығару ең басты міндет болып табылады», – дейді техника ғылымдарының кандидаты Мұрат Қожабергенов.
2003 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ кенорындарын игеру мен пайдалану» кафедрасын тәмамдап, үздік дипломмен «Тау кен инженер-мұнайшы» мамандығына ие болған Мұрат сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің гранттық жолдамасымен Мәскеу қаласындағы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ кенорындарын игеру мен пайдалану» кафедрасына түсіп, 2005 жылы осы университеттің мамандығын жоғарлату саласының «Кәсіби ұстаздық шеберлік» мамандығын алған. Мұрат бүкіл әлемдік ғылыми конференцияларға қатысқан. 10-нан астам ғылыми жұмыстары мен мақалалары, кітаптары жарық көрген. «Қалдық мұнайды физикалық-химиялық әдістермен шығарудың проблемалары» атты кітаптың авторы. Өзен кеніші кең ауқымды кен орындардың бірі. Қазіргі таңда отандық және шет мемлекеттерден өндірілетін технологиялардың бірқатары осы Өзен кен орнында пайдаланып, іске асырылып келді. Елімізде жаңа бағыттағы өнім өндіру саласын және жетік технологияларды қолдану – басты бағыт пен міндет болып табылады. Мұрат қалдық мұнайды шығарудың мынадай әдістерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп ұсынды:
Өзен кен орны бойынша зертханалық әдістермен қалдық мұнайды шығару, су айдау көлемінің жылдамдығын арттыру, шоғырланған қалдық мұнай көлемін арттыру үшін түпкілікті жойылған скважиналарды қалпына келтіру, ең маңыздысы жаңа химиялық технологияны кен орындарға қолдану үшін кен орынның физикалық және химиялық қасиеттерін, оның қай ортада шоғырланғанын, коллекторлардың гидрофильдік және гидрофобдық қасиеттерін анықтау ең маңызды фактор болып табылады. Осыған орай, қалдық мұнайды шығаруға арнайы реагенттер рецептурасын ұсынып, эксперименттік зерттеулер нәтижесінің арқасында химиялық өңдеу технологиясы «Химеко ТК-2» қышқыл композициясын қолданып, өндірістік тұрғыда көп нәтижеге қол жеткізілген. «Қазіргі уақытта Химеко ТК-2 қышқыл композициясы «Сургутнефтегаз» ААҚ кен орындарында өнеркәсіптік көлемінде «ЛУКойл-Западная Сибирь» ААҚ кен орындарында сынақтан өткізіліп жатыр. «Роснефть» ҰК» ААҚ – Пурнефтегазда Химеко ТК-2 қышқыл композициясын қолданудың нәтижелері 250-ден астам ұңғыма операциялары өткізіліп, мұнай өндіруге қосқан үлесі  қосымша өндіру – 150 мың тоннаға артып, тиімділіктің орташа ұзақтығы 6 айдан артық уақытқа жеткізіліп, өнім көлемі 80%-дан артқан. Химеко ТК-2 қышқыл композициясын қолданудың жоғары тиімділігінің мысалы, Оңтүстік Харампур кен орны қабатының түп маңын тазалау болып табылады. Сонымен қатар, Химеко ТК-2 қышқыл композициясының Өзен кен орнындағы 13-ші қабаттағы коллекторының  өткізу қасиеттеріне әсер етудің зертханалық зерттеу нәтижелері келтіріліп, 13-ші қабаттағы 2353-ші скважинасынан алынған керн бойынша лабораториялық зерттеулер жүргізіліп, қабаттың өткізгіштігін арттырып, қабаттан қалдық мұнай көрсеткішін 55%-ға жоғарлатып, оң нәтиже көрсетті. Бұндай технологиялар Өзен кен орнында ғана емес, басқа да ірі кен орындарда қолдану үшін белгіленген технологиялар зертханалық және эксперименттік түрде өткізіліп, өндіріс аймағында қолданылса, 100% өнім алуға болады» – дейді ғалым. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх