Балаларды қуанышқа бөледі

Балаларды қуанышқа бөледі
24.01.2017
402
Әлеумет

Балаларды қуанышқа бөледі

Жаңа жыл қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы Компанияның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасының аясында бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтады.

Компания қызметкерлері бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбековтың бастауымен Жұмағалиевтар отбасына және «Атырау. Шағын ел» жұлын және бас миы терең зақымданған балалар мен отбасын қолдау орталығына барды.Балалардың барлығына тәтті сыйлықтар берілді, ал Жұмағалиевтар отбасының ең кішкентай мүшесі – Жанелге үлкен жұмсақ ойыншық тарту етілді.
– Компания жергілікті халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Біз мүмкіндіктері шектеулі балалар мен шұғыл ота жасалуы қажет балаларға баса көңіл бөлдік. Жұмағалиевтар отбасына көмек көрсеттік – әкесінің бауырының бір бөлігін қызына ауыстырып салу отасының қаражатын төледік және нөсер жауыннан кейін жарамсыз болған үйлеріне күрделі жөндеу жүргіздік. Мұнайшылар өскелең ұрпаққа әр уақытта қолдау көрсетіп жүр және игі шараны үнемі жалғастыруға ниетті. 2017 жылдың басынан бастап бүкіл демеушілік және қайырымдылық көмек орталықтандырылған күйде, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан көрсетілетін болады, – деп атап өтті сапар барысында А.Жақсыбеков.
Жанель Жұмағалиеваға демеушілік көрсету барысы әлеуметтік желі арқылы тек облыс тұрғындарына ғана емес, бүкіл Қазақстанға белгілі болды. Туғаннан кейін үш айдан соң қызға «бауыр циррозы» деген диагноз қойылған. Мұндайға бей-жай қарай алмайтын қала тұрғындары бауыр ауыстыру отасын жасауға қаржы жинауды ұйымдастырды. Бастамашы топ концерттер, флешмобтар өткізді, ірі сауда орталықтарында қаржы жинауға арналған жәшіктер орнатылды. Ота жасау уақыты жақындап қалды, бірақ қажет сома жиналмады. Сол кезде ембілік мұнайшылар көмекке келді. 2014 жылы Жанель Жұмағалиеваға жасалған ота сәтті аяқталды. 
2015 жылдың көктемінде Ж.Жұмағалиева ауруханадан шыққанда отбасының тозығы жеткен баспаналары қатты нөсер жауыннан жарамсыз күйде болды. Сөйтіп, тағы да Компания көмекке келіп, кәсіпорын қызметкерлері отбасына бір күндік еңбекақыларын аударды. Бұл қаржыға Жұмағалиевтардың ескі үйлері күрделі жөндеуден өткізіліп, сәбиді оңалту үшін қолайлы жағдай жасалды.
Компаниядан көмек алушының бірі – «Шағын ел» қоғамдық бірлестігі. Жұлын және бас миы терең зақымдалған балаларды оңалтуға маманданған қоғам өз жұмысын 2013 жылдың тамызында бастады. Компания аталмыш қоғамның қалыптасуына 8 млн. теңгеден астам мөлшерде көмек бөлді. Бұл қаржы орталық үшін ең қажетті нәрселерді сатып алуға жұмсалды. 
Қоғам құрылтайшысы әрі төрағасы Ерлан Күмісқалиев 2015 жылы «Алтын Жүрек» қоғамдық жүлдесіне, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар, Елбасының арнайы жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен марапатталды. Қазіргі кезде қоғамда 240 бала тіркелген. Орталық мамандарының күшімен балалардың церебральды сал ауруына шалдыққан Ерлан есімді бүлдіршін нөл сыныбын ойдағыдай аяқтап, бірінші сыныпқа көшті. Осындай диагноз қойылған Дильназ екінші сыныпқа қадам басты. Ал, Айкөркемге балалардың церебральды сал ауруы үшінші жыл қатарынан білім алуына кедергі болған емес. Айару үшін де Даун синдромы бөгет болмады, ол да үшінші сыныпқа көшті. Орталықта мұндай жетістіктер көп-ақ. Мұның бәрі осы жол бастауында «Шағын ел» қоғамдық қорына алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған отандық «Ембімұнайгаз» компаниясының арқасында орын алып отыр.
Сондай-ақ, компания Атырау қаласы әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық шыршасын өткізіп, оған 1400 бала қатысты.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх