‘‘Оңашадағы онлайн ойлар’’

‘‘Оңашадағы онлайн ойлар’’
24.01.2017
396
Әлеумет

‘‘Оңашадағы онлайн ойлар’’

18 қаңтар күні Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында танымал публицист-жазушы Шархан Қазығұлдың «Оңашадағы онлайн ойлар» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға танымал тұлғалар, автордың журналистикадағы қаламдас әріптестері, дос-жарандары, сонымен қатар қарапайым оқырмандар қатысты. 
«Оңашадағы онлайн ойларға» автордың әлеуметтік желіде жазған, артынша республикалық мерзімді басылымдардың біріне тұрақты түрде жарияланған ойлары топтастырылған. Автордың қолтаңбасынан дәстүрлі журналистика мен интернет-журналистиканың стилін ұштастырғаны байқалады. Бас-аяғы бірнеше сөйлеммен немесе баспаның елу жолымен шектелетін қысқа-нұсқа жазбаларда бүгінгі «онлайн» оқитындарға да, газетті жайып қойып оқитындарға да қызық тақырыптар қамтылған.  
Шарада сөз сөйлегендер «Оңашадағы онлайн ойларды» оқырманға қызық қылатын ерекшеліктері туралы айтып өтті. Бұл біріншіден, автордың стилі һәм тілі. Жаңа әсер, тың туындыларға тән ерекше тартымдылық. Өзектілік. Өткірлік. Шебер қиюластырылған қисын. Өтімді тіл. Авторға ғана тән ерекше харизмаға қатысты болды. 
Қамтылған тақырып аясы айтарлықтай кең. Бұқаралық мәдениеттен классикалық өнерге дейінгі аралықты қамтиды. Классиктердің шығармашылығына аз сөзбен анықтама береді. Өзі көрген социалистік қоғамның кері кеткен тұстарын бүгінгі қоғаммен салыстырып отыратыны тағы бар. Мұнай-газ, уран шикізаты сияқты жұртты қызықтыра бермейтін саланы соншалықты қарапайым әрі түсінікті, оқырманды сендіріп жазады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх