Зейнет демалысына шығарып салды

Зейнет демалысына шығарып салды
10.02.2017
570
Әлеумет

Зейнет демалысына шығарып салды

«Қаражанбас» Компаниялар тобының жұмыскерлерін зейнет демалысына шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті. Өткен жылы ҚБМ тобы бойынша барлығы 40-тан астам адам зейнеткерлікке шыққан болатын. 

Ардагерлерді «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті атынан  құттықтап, ұзақ жылғы еңбектері үшін ҚБМ, АТС, ТМС, ТКБжҰҚК басшылары, сондай-ақ Компанияның Кәсіподақ басшысы мен Жұмысшылар өкілдері Алғыс хаттар тапсырды. Сонымен бірге, оларға «Мечта» сауда үйінің тұрмыстық техникасын сатып алуға арналған сыйлық сертификаттары ұсынылды.
Ардагерлердің құрметіне көптеген ізгі тілектер айтылып, Е.Көлбаев, Б.Алдабергенов, М.Сранов, М.Жамбылұлы сияқты Маңғыстау облысының танымал орындаушылары ән шырқады.
Өз кезегінде, зейнеткерлер еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, Компаниялар тобының басшылығына көрсеткен ықыластары үшін алғыс білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх