Әдеби-сазды кеш өтті

Әдеби-сазды кеш өтті
10.02.2017
464
Әлеумет

Әдеби-сазды кеш өтті

26 қаңтар күні Қаражанбас кен орнының кітапханасында ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кешке өлең сүйер оқырмандар қатысты. Алдымен қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеслайдты тамашалап, ақынның өз дауысы жазылған дыбысжазбаны ерекше ықыласпен тыңдады. 
Жомарт Әскербаев, Гауһар Нұрқали, Айдана Наушадиярова, Жәнібек Жұбаназаров, Қазбек Тәжбенов, Сәкен Издибаев сынды белсенді оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, Мұхит Салқынов өзінің арнауын ұсынды. Ерлан Базарбаев «Сенің көзің», Марат Сәулебай «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың» сияқты ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. 
Кеш соңында ұйымдастырушылар шараға атсалысқандарға жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын тарту етті.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх