Өзара әріптестік қарым-қатынас нығаюда

Өзара әріптестік қарым-қатынас нығаюда
22.02.2017
505
Қызметкерлер

Өзара әріптестік қарым-қатынас нығаюда

«Ембімұнайгаз» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Қуандық Қалидуллин бастаған әлеуметтік сала мамандары «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Қазгермұнай», «KMG EP-Catering» компанияларына сапармен барып, өзара тәжірибе алмасып қайтты.

Әріптестік қарым-қатынастар қызмет тиімділігіне оң ықпалын тигізетіні анық. Жаңаөзенге сапарлары барысында сала мамандары Сүт зауытында да болып, іскерлік қарым-қатынастарын нығайтты. Атыраудан Ақтау, Жаңаөзен, Қызылорда өңірлеріне дейін сапар шеккен «Ембімұнайгаз» АҚ мамандарының ойға алған, көңілге түйген әсерлері мол. Алдымен Маңғыстау, Жаңаөзен өңірлерінде болып, одан соң Сыр өңірі Қызылордаға сапар шеккен ембіліктер «Қазгермұнай» БК» ЖШС тынысымен танысып, әріптестерімен пікір алмасты.
Бүгінде «Қазгермұнай» компаниясы игеріп жатқан Ақшабұлақ, Нұралы кен орындары Қызылорда облысын ілеспе газбен қамтамасыз етіп отыр. Міне, осы кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге барлық жағдай жасалған. Жатақханалар, медпункт, спорттық алаңдар, жаттығу залы, футбол алаңы бар. Бұл нысандардың қызметін мұнайшылар демалыс уақыттары кезінде еркін пайдалана алады. 2014 жылы ашылған «Достық саябағы» да қызметкерлер игілігіне жарап тұр. Жұмысшылар зор әлеуметтік қолдауға ие. Қызметкерлерді тасымалдайтын арнайы автобустар барлық керек-жарақпен жабдықталған. КЭМП-тердің ішінде жұмысшыға керекті төсек-жабдықтар, асхана, кір жуатын орындар, шешінетін бөлмелер, душтар, бильярд, теннис залдары, жаттығу залдары (арнайы жаттығу залының құралдары орналасқан) бар. 
Компания басшылығы бірінші кезекте қызметкерлер құқығының қорғалуын басты орынға қойып келеді. Осы арқылы қызметтік және адами әдеп нормалары қатаң сақталып, ол өз кезегінде жұмыс сапасының да жақсара түсуіне себепші болып отыр. 
ҚМГ БӨ компаниялар тобының өзара әріптестік қарым-қатынасы алдағы уақытта да өз жалғасын табары сөзсіз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх