Жиналыс өткен жылдың қорытындысына арналды

Жиналыс өткен жылдың қорытындысына арналды
22.02.2017
500
Өндіріс

Жиналыс өткен жылдың қорытындысына арналды

«Argymak TransService» ЖШС басшылығы кен орнында екі вахта жұмыскерлерімен өткен жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиналысын өткізді.

Кен орнындағы еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша топ басшылары Д.Сасықбаев пен М.Кузембаев  Серіктестіктегі еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 2016 жылдың жазатайым оқиғасыз өткеніне, болашақта да осы бағытта жұмыс істелініп, еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауға, орындауға баса назар аударылатыны туралы тоқталды. 
Әлеуметтік мәселелер бойынша мамандар Ч.Акбердиев, Ж.Мусин, К.Джаугаштиев, З.Маханбет жыл бойы жүзеге асырылған әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдағы іс-шаралар туралы есеп берді. 
Серіктестік басшысы Ш.Кульшиков өткен жылды қорытындылаған сөзінде жеткен жетістіктер мен кемшіліктерге де тоқталды. Алда тұрған жоспар мен міндеттерді жоғары денгейде орындау, тапсырыс берушілердің автокөлікке жоспарлы сұраныстарын толықтай жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқтала келе, жұмыс жағдайы жасалған, әлеуметтік тұрақтылық, еңбек және өндірістік тәртіп сақталған жерде еңбек өнімділігі де артатынына жұмыскерлер назарын аударды. 
Жұмыскерлер өкілдері А.Кемелханов және Н.Отарбаев жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. 
Жиналыс соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және өткен жылдың қорытындысына сәйкес үздік жұмысымен, үлгілі тәртібімен ерекшеленген 34 жұмыскер Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Зейнеп Маханбет, 
Әлеуметтік-әкімшілік мәселелер бойынша аға маман

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх