Жолдауды мұнайшылар жылы қабылдады

Жолдауды мұнайшылар жылы қабылдады
22.02.2017
307
Қызметкерлер

Жолдауды мұнайшылар жылы қабылдады

Дархан Жаңабаев, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, С.Балғымбаев мұнай дайындау және айдау цехының жөндеушісі:

– Бүгінде мұнай өндіру ісінде автоматтандыру, цифрлық технологияға көшу сынды жаңалықтар біртіндеп енгізіліп жатыр. Мәселен, «Қайнармұнайгаз» басқармасында «Уаз» интеллектуалды кен орны концепциясы» сынамалы жобасын енгізу – қазіргі заманғы озық технологияларды өндіріске енгізу бағытындағы ұтымды шешім болып отыр. Жоба негізінде 32 ұңғыға интеллектуалды басқару станциялары орнатылды. Соған сәйкес кен орнындағы сол ұңғымалардың жұмысын қадағалап, диагностика жасау үшін қондырылған «Квантор-5» бағдарламасы бойынша онлайн жүйесінде қашықтықтан технологтар мен геологтар компьютерлерінде ұңғыма сораптарының, құбыр бойы қысымы, яғни мұнай алыну процесінен бастап, оның судан, тұздан арылуы, пеште қыздырылуы, құбырмен айдалуына дейінгі сәттің бәрі мониторда көрініп тұрады. Демек, ембілік мұнайшылар Елбасы тапсырмаларын орындауға күш салуда деген сөз. Жолдауда «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып, ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, әкімдіктер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Әрине, бұл әдіс, әсіресе жастар үшін, әлеуметтік жағдайы орта отбасылары үшін өте қолайлы болар еді. «Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс» делінген Жолдауда. Жеке тұрғын үй үшін жер телімдерін беру де бұл бағыттағы көп мәселені шешер еді.

Дүйсенбек Ақбалаев, «КенҚұрылысСервис» ЖШС, Жөндеу құрылыстары басқармасының бетоншысы:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын мұқият оқып шықтым. Президент негізінен Үкіметке нақты тапсырмалар бере отырып, ел әлеуетін жақсартқан үстіне жақсарта түсуге баса мән беріп отыр. Жолдауда «білім – кедейшіліктен құтылу жолы» идеясын қоғамда ілгерілету керектігін айта келіп,  «қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» екендігіне тоқталады.
Сондай-ақ, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақының 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейін арттырылуы егде адамдар үшін үлкен қуаныш.
Тәуелсіз алғалы ширек ғасыр ішінде еліміздің алдыңғы қатарлы елдердің ішіне енгені үлкен жетістік деп ойлаймын.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх