Өндіріс майталмандары

Өндіріс майталмандары
22.02.2017
364
Өндіріс

Өндіріс майталмандары

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, №3 Мұнай-газ өндіру басқармасының №3 Өндіріске қызмет көрсету цехының шағын ұжымы еңбекпен тапқан нәсібін байлық деп түсінетін қарапайым жандар. Бұл цехтың басқарма тыныс-тіршілігінде алатын орны өте зор. Ұжым мүшелері Мейрамбек Салықов, Рахметулла Жалғасов, Кенжеғали Нұрбосынов, Аюп Мәмбетәлиевтер өз ісінің майталмандары.

Цех бастығы Тимур Тұрниязов мұнайшы азаматтардың қолға алған істерін тындырымды атқаратындарын айтады. Цех жұмыскерлері негізінен дәнекерлеу жұмыстарымен айналысады. Өндірістік аймақтағы тесілген құбырларды «жамап-жасқау», бұзылған мұнай коллекторларын іске қосу, мұнай және су сораптарын жөндеу, қауіпсіздік техникасына орай топтық қондырғыларды қоршау мақсатында дәнекерлеу аппаратын пайдалана отырып, темір шарбақтар салу сияқты мігірсіз жұмыстар осы азаматтардың еңбегінің арқасында үздіксіз іске асып жатады.
Мұнайшы жігіттер жұмыстан бос уақыттарында қаладағы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып, волейбол, баскетбол, шағын футболмен айналысады. «Бүгінгі күні біздерге спортпен айналысуға жағдай жасаған компания басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз», – дейді олар.
Туған елдің төсінде ақ адал еңбегімен кәсібінің ырыздығына бөленіп жүрген жігіттер өз өмірлеріне бек риза. Қашан да, еңбектің бағы жанған жерде, ел шаңырағы биік, босағасы берік болмақ.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх