Өндіріс басшысы зейнет демалысына шықты

Өндіріс басшысы зейнет демалысына шықты
22.02.2017
325
Әлеумет

Өндіріс басшысы зейнет демалысына шықты

Ел мұнайын игеріп, ел игілігіне жаратуда көптеген ардагер ағалар өз үлестерін қосты. Соның бірі, «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы, «Құрмет» орденінің иегері Шаймерден Идаятұлы Төлеңгітов.

Ол 39 жыл «Ембімұнайгаз» АҚ жүйесінде еңбек еткен жылдар аралығында өзін жоғары білікті маман, мұнай-газ саласында тәжірибесі мол білгір басшы ретінде көрсете білді. Жоғары кәсіби шеберлігі мен өз ісіне деген адалдығы алған қойылған өндірістік мақсаттарға қол жеткізу барысында өз нәтижесін берді.
Шаймерден Төлеңгітов 1952 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1977 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Технология және мұнай және газ кен орындарының кешенді механизациясы» мамандығы бойынша аяқтап, тау-кен инженері квалификациясын алған. Еңбек жолын 1969 жылы №21 Гурьев облыстық тұрмыстық қызмет көрсету радиотелевизиялық ательесінде радиомеханик болып бастаған. Одан әрі «Эмбанефть» Өндірістік бірлестігінде тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығының механика цехында слесарь-жөндеуші болып жұмыс жасаған. 1977-1990 жылдары «Қазақойл-Ембі» ААҚ «Жайықнефть» МГӨБ-да оператор, инженер, №1 МГӨЦ жер қабатының қысымын сақтау жөніндегі аға инженер, аға геолог, орталық инженерлік технологиялық қызмет бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Одан кейінгі жылдарда басқару аппаратында мұнай және газ өндіру жөніндегі өндірістік бөлімнің инженері, жетекші инженері, «Макатнефть» МГӨБ-ның бастығы, басқару аппаратында жаңа кен орындарды игеру және жайластыру департаментінің директоры, өндірісті жедел басқару департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы болып жұмыс жасап келді. 
Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәт адал еңбегімен өмір сүрген адамның кеудесі мақтанышқа толы болса да, оның ұжымымен қоштасуы жабырқаулы көңілмен ерекшеленетіні де рас. Шәймерден Идаятұлын құрметті демалысқа шығаруға арналған салтанатты жиында онымен үзеңігілес болған әріптестері, аға және кіші буын өкілдері де өз тілектерін білдірді. Алдымен, Бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Көптеген әріптестері Шәкеңнің қызметтегі біліктілігі, басшылық қабілеті, азаматтық, адами қырлары, жастарға өнегесі, басқа да қасиеттері жөнінде сөйлеп, өндірісте салған сара жолы, тұлға ретіндегі дара жолы жөнінде әңгімелеп, зейнеткерлікке шығуымен құттықтады. Деніне саулық, отбасына бақыт пен береке тіледі.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх