«Әйел – сұлулықтың символы». «Қаражанбасмұнай» АҚ

«Әйел – сұлулықтың символы». «Қаражанбасмұнай» АҚ
06.03.2017
482
Қызметкерлер

«Әйел – сұлулықтың символы». «Қаражанбасмұнай» АҚ

Роза Асанова, «Қаражанбасмұнай» АҚ лаборанты:

– Мен Қаражанбас кенішінде 5-разрядты химиялық талдау лаборанты болып еңбек етемін. Біз мұнайдың құрамына талдау жасаймыз. Жұмыс жағдайымыз барлығы жақсы. Қажетті мүмкіндіктердің бәрі де жасалған. Ауысыммен еңбек етеміз. Өзім осы Қаражанбас кенішінде 1986 жылдан бері жұмыс істеймін. Мұнай өнеркәсібі жылдан жылға дамып келеді. Алдағы уақытта да қарқынды дами берсін. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында барлық мұнайшы аруларды көктем мерекесімен құттықтаймын. Әрдайым жүздеріңіз жарқын, жүректеріңіз жылылыққа толы болсын.

Ажар Качаева, «Қаражанбасмұнай» АҚ, 1-МӨЦ техник-геологы:

– Міне, тағы да бір көктем жадырап келіп жетті. Кеніш төсінде еңбек етіп жүрген біздер мерекені қуанышпен қарсы аламыз. Өзім Қаражанбас кенішінде 1982 жылдан бері еңбек етемін. Ұзақ жылғы қажырлы қызметімнің лайықты бағасы ретінде көптеген марапаттарға да ие болдым. Техник-геолог ретінде жүктелген жауапкершілікті абыройлы орындау – басты міндет. Ұңғымалар бойынша ақпарат күніне толтырылып отыруы керек. Вахталық әдіспен жұмыс істейміз. Кеніште еңбек етуге барлық қолайлы жағдай жасалған. Әлеуметтік-тұрмыстық ахуал да әлдеқайда көп жақсарған. Мерекеде мұнайшы қыз-келіншектерге жылы ілтипат, қошемет-құрмет көрсетіледі. Барлық әріптестерімді мейраммен шын жүректен құттықтаймын. Өміріміз мәнді-сәнді, ал өндірісіміз өркендей берсін.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх