«Әйел – сұлулықтың символы». «ӨзенМұнайСервис» ЖШС

«Әйел – сұлулықтың символы». «ӨзенМұнайСервис» ЖШС
06.03.2017
644
Қызметкерлер

«Әйел – сұлулықтың символы». «ӨзенМұнайСервис» ЖШС

Шара Джурасова, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу бөлімінің кадр жөніндегі маманы міндетін у.а.:

– Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, оның өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Қымбатты ханымдар! Көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

Динасыл Курманова, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, Әлеуметтік сұрақтар бойынша жетекші инженер:

– Мен Серіктестікте әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімінің жетекші инженері болып қызмет етемін. Әр еңбектің артында бір нәтиже болу керек демекші, бүгінгі таңда бөлімге қатысты біраз игі істер жасадық. Атап айтқанда, көптеген мүжәлсіз отбасына көмек көрсеттік, қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық, шахардың гүлденіп көркеюіне, сенбіліктер ұйымдастырып, мейлінше ат салыстық. Мұнайшылардың еңбек демалысын және олардың балаларының жазғы демалысын тиімді әрі ұтымды пайдалануы үшін жан-жақты жұмыстарды атқарып отырамыз. Мереке қарсаңында бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілеймін.

Алтын Құдайбергенова, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС Материалдық есепшісі:

– Менің осы салада қызмет етіп жүргеніме біраз уақыт болыпты. Негізі әр адам өз жұмысын ұнату керек деп білемін. Жеке басым өз жұмысымды жаныммен жақсы көріп атқарамын. Әріптестерімнің бір-біріне деген қарым-қатынасы, үлкенге құрметі, өзара түсіністігімен іштей қуантады. Міне, көзді ашып жұмғанша, зейнет жасына да жетіп қалдым. Ендігі кезекте, осы жұмысымның жемісін көріп, немерелерімнің ортасында қызық-қуаныштарына куә болып жүрсем, бір арманымның орындалғаны деп білемін. 40 жыл бойы бір салада аянбай қызмет ету – үлкен жетістік деп ойлаймын. Жұмыс барысында алған марапаттар, алғыс хаттар, мақтау қағаздарым, құрмет грамоталарым да бар. Оның бәрі сүбелі еңбегімнің бағасы. 8 наурыз – Халықаралық қыз-келіншектер күнімен барша қазақ елін құттықтаймын.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх