Іскер маман, аяулы әріптес! «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Іскер маман, аяулы әріптес! «Қазгермұнай» БК» ЖШС
06.03.2017
545
Қызметкерлер

Іскер маман, аяулы әріптес! «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Қымбатты мұнайшы арулар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. «Қазгермұнай» компаниясының ұжымы да Сіздерді тамаша мерекелеріңізбен құттықтайды. Компанияның дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан аруларымыз да көптеп саналады. Өндіріс саласында еңбек ету әсте оңай емес. Ол үлкен жігер мен табандылықты талап етеді. 

Біздің компанияда қыз-келіншектер де ерлермен тең еңбек етеді. Өмірін еңбекке арнап, өндіріс саласының бір тірегіне айналған жанның бірі һәм бірегейі – Мейірім Баянғалиқызы Садықова. 
Еліміз тәуелсіздігін алып, еңсесін тіктеген тұста мектеп бітірген ол, Қорқыт Ата атындағы университеттің химия технология мамандығына оқуға тапсырады. Оқуды лайықты тәмамдағаннан кейін, Мейірім өз кәсібін 1998 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да лаборант болып бастайды. Техникалық тұрғыдан өте сауатты болуды талап ететін бұл жұмыс кез келгеннің ырқына көне бермейді. Мұнай саласының өзі күн өткен сайын құбылып, сәт сайын шығатын жаңа технологиялар тұрмысымызға дендеп еніп жатқан шақта, бүтіндей бір алып компанияның зертханасында абыройлы еңбек ету – тек білімді әрі талантты кісінің ғана қолынан келері анық. Міне, осы артылған сенім мен үкілі үмітті Мейірім Баянғалиқызы ақтай алды деуге болады. Оның осы бір толассыз еңбегін ескерген басшылық, оны 2007 жылдан бастап Ақшабұлақ-Нұралы кенішінің лаборатория меңгерушісі қызметіне тағайындайды. Өз жұмысын өткен ғасырдың соңында бастаған зертханада бастапқыда небәрі төрт адам ғана еңбек етіпті. Қазір олардың қатары 20-ға жеткен. Бұл да бір әрине, ерен жетістік. «Ұжымда көптеген адамдармен жұмыстас болдым. Қазір олар еңбек демалысында, атап өтсем, олар: Дедова Лидия Павловна, Борисова Клавдия Евгеньевна, Пушкарева Тамара Васильевна. Зертхананың жұмысына ұжымдастардың ауызбіршілігі қатты әсер етеді. Мақсатымыз бен ойымыз бір болғандықтан, көптеген белестерге жетеміз деп ойлаймын», – дейді Мейірім Баянғалиқызы. 


Осындай ардақты жандар шоғырынан өз орнын ойып тұрып алатын тағы бір қызметкер – «Қазгермұнай» компаниясында бас директордың бірінші орынбасарының ассистенті Усманова Жанар Әбдіғаппарқызы. Компаниядағы жас аналардың көшін бастайтын Жанар бұл күндері төрт бала тәрбиелеп отыр. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген тағылымды өз өмірінің берік ұраны еткен Жанар көп тіл білуге құмартады. Қазіргідей жаһандану жайлаған, өркениет көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан заманда көп тіл білудің пайдасы орасан екендігі айтпаса да белгілі. Демек, бұл тұрғыда Жанар өзінің көптеген замандастарынан көш ілгері деп айта аламыз. Орыс тілі мен ағылшын тілін өте таза, сауатты меңгерген ол бұл күндері әйгілі ғалым Радлов «әлемдегі ең әдемі тілдердің бірі» деп баға берген француз тіліне қатты қызығып жүр. 


Компания қатарында көпбалалы ана, «күміс алқа» иегері Лаура Ерасылқызы Сырғабаеваны ерекше атап көрсете алар едік. Қазіргі таңда ол Ақшабұлақ кен орнында химиялық талдау бөлімінің лаборанты болып еңбек етіп жүр. Химиялық талдау бөлімі – мұнай өндіруші компанияның негізгі тірегі десек болады. Әрине, бұл мамандар жер қазып, «қара алтын» іздеп әуреге түспейді. Алайда, сол жер асты қазынасы табылғаннан кейін де күтіп тұратын жұмыстар легі көп. Міне, сондай орасан жұмыстың басым бөлігі осы лаборант мамандарға жүктеледі. Ал, оны абыроймен атқару, сапалы жұмыс ұсыну, осындай қауырт күн тәртібіне қарамастан балаларын да өсіріп, ел демографиясына елеулі үлес қосу – бұл қажырлы ананың ғана қолынан келетін қайырлы іс. Міне, Лаура ханымды асыл аналардың бүгінгі көрінісі дей аламыз. Лаураны бұлай ерекше сипаттауымыздың да мәні бар. Вахталық әдіспен қызмет ету әйел адамға оңай соқпасы белгілі. Алайда, осындай қиындықты тереңнен түсінген отбасы жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасайды. Осының арқасында ол еңбекте де, отбасында да өз орнын тапқан жан. Екі қызы да қазір тұрмысқа шығып, 5 немере сүйдіріп отыр. Заман қиын, жұмыс ауыр демей Алланың берген сәбилерін өмірге әкеліп, оларға жарық дүние сыйлап, қызметінде де сыйлы бола алу – үлкен ерлік емей немене. 


Компаниямыздың кеңсе бөлімінің маманы Хамзина Әлия. Қазақ елінің батыр қызы Әлия Молдағұлованың апамыздың есімін иеленген әріптесіміз өте сабырлы, өмірге өте құштар мықты әйел, қандай істі болсын дөңгелетіп алып кете береді. Берілген тапсырманы өз уақытында орындап, тиянақты істеуге бейімделген. Алғашқы еңбек жолын Атырау қаласындағы «Полиграфия» өндірістік бірлестігінен бастаған. 1994-2006 жылдары Қызылорда облыстық кірістер басқармасында қызмет етіп, 2006 жылы «Қазгермұнай» компаниясының салық бөліміне жұмысқа келген. Ұжым арасында ұлағатымен көзге түскен, отбасында аяулы жар, мейірімді ана атанған Әлияның кішіпейілділігі, адамгершілігі көпке үлгі. 
Аналарымыздың, аруларымыздың, қызметтестеріміздің тіршілігі баянды, еңбектері жемісті бола берсін. Олардың есімдері компания тарихынан ерен орын аларына ешкім де шек келтірмейді. Барша мұнайшы аруларымызды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға қуаныш-шаттық тілейміз.

Ирина Стягова, Бухгалтер по незавершенному производству ТОО «СП «Казгермунай»:

– Работаю в компании с 1999 года. На данный момент в ТОО «СП «Казгермунай» занимаю должность бухгалтера по незавершенному производству. Помимо работы, занимаюсь воспитанием ребенка.
Очень благодарна компании и ее руководству за получаемый здесь огромный опыт в бухгалтерии.
Пользуясь случаем, хочу поздравить всех представительниц прекрасного пола с Международным женским днем – 8 марта! Желаю крепкого здоровья Вам и Вашим близким, благополучия и женского счастья! Пусть каждый день будет радостным и успешным! Любите и будьте любимы!

Елена Шатрова, Лаборант химического анализа месторождения Нуралы ТОО «СП «Казгермунай»:

– Вот уже на протяжении 15 лет работаю в ТОО «СП «Казгермунай». Рада быть частью такой большой и успешной компании, которая дает нам возможность каждый год участвовать в различных спартакиадах, соревнованиях, пропагандируя здоровый образ жизни, мы это очень ценим. 
В этот теплый весенний день я желаю всем своим коллегам долгих лет жизни, тепла и уюта в доме, достатка, любви и взаимопонимания! Пусть сбываются мечты и достигаются все намеченные цели!

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх