Наурыз құтты болсын! «Қаражанбаймұнай» АҚ

Наурыз құтты болсын! «Қаражанбаймұнай» АҚ
28.03.2017
522
Әлеумет

Наурыз құтты болсын! «Қаражанбаймұнай» АҚ

Наурыздың 15-і күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы Қаражанбас кенішіне де арнайы сапармен барып, Амал мерекесін мұнайшы қауыммен бірге атап өтті. «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек ұжымын «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және келешекті даму жөніндегі орынбасары Мәлік Сәлімгереев, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Бекзат Абайылданов, «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Есен Қайыржан құттықтап, жұмыстарына мол табыс, отбасыларына бақ-береке, ырыс тіледі. Құттықтау тілектен соң компанияның еңбек озаттарына «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиевтың атынан берілген «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» салтанатты жағдайда табысталды. Адал еңбек абыройыңды асқақтады. Марапатқа ие болған, көп жылдан бері Қаражанбас кенішінде еңбек етіп келе жатқан ЕҚКБ аға инженері Аманияз Қожаев, Күрделі құрылыс бөлімінің екінші санатты инженері Дәурен Нұрманов, сондай-ақ «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС ҰКЖБ басшысының орынбасары Ерлан Сүйебаев өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді. Марапат мерейіңді өсіреді. Мұнайшы азаматтар кеніште еңбек етуге барлық жағдайдың жасалғанын, әлеуметтік жағдайдың жақсарғанын тілге тиек етті. Олардың әрқайсысы өз жұмыстарын абыройлы атқарып жүр. Бірі күрделі құрылыс саласында, өндірістік құрылыстарды қадағалап, қабылдап, бірі өндірістік, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы саласында қажырлы қызмет етуде. Мереке күні кеніш басындағы Мәдени демалыс орталығының көрермен залы мұнайшыларға лық толды. Мұнайшыларды арнайы құттықтап келген еліміздің эстрада жұлдыздары Тамара Асар, Ақылбек Жеменей және Абай Бегей сахна төрінде ән шырқап, мереке сәнін арттырды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх