Келешегі кемел Келісімшарттар

Келешегі кемел Келісімшарттар
25.04.2017
238
Жаңалықтар

Келешегі кемел Келісімшарттар

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің келісімі бойынша 2010 жылдың 16 маусымындағы №3577 Қаратон-Сарықамыс блогы шөгінділерінің тұзүсті және тұзасты кешенінің көмірсутегі шикізатын барлауға арналған Келісімшартты «Ембімұнайгаз» АҚ-на, ал 2010 жылдың 16 маусымындағы №3579 Өзен және Қарамандыбас кенорындарына жақын аумақтағы көмірсутегі шикізатын барлауға арналған Келісімшартты «Өзенмұнайгаз» АҚ-на беру туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.    
Аталған Келісімшарттар 2011 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ балансында болған кезден бері ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішінде іздеу-барлау, бұрғылау және сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді.  
2016 жылы Қаратон-Сарықамыс блогында  «С.Нұржанов кенорнының Солтүстік-Шығыс қанаты» құрылымында өндірістік мұнай ағыны алынды. 2017 жылы бекітілген іздеу-барлау жұмыстары жоспарының аясында тағы екі ұңғыны бұрғылау жоспарланып отыр. 2018 жылы қорлардың шұғыл есептелуі қорғалғаннан кейін сынау эксплуатациясы кезеңіне көшу көзделуде.  
Өзен-Қарамандыбас кенорындарына жақын аумақта, орналасу тереңдігі палеозойға дейінгі қабатты зерттеу мақсатында 2016 жылы кең көлемде сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді. Аталған блокта алқаптық сейсмобарлау жұмыстары тәмамдалды. Қазіргі уақытта алынған деректерді өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы шаралардың қорытындысы бойынша іздеу-барлау бұрғылау жұмыстарын  жүргізу жоспарлануда. 
Келісімшарттарды берудегі негізгі мақсат бұл: 
• Өндіру деңгейін сақтау,ұлғайту және ресурстық базаны одан әрі көбейту қажеттілігі;
• ЕМГ және ӨМГ кен орындарына аумақтық жақын орналасуы, жаңадан ашылған кенорындарын қамту үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ тиісінше шешімдерді жедел қабылдау;
• Қолданыстағы кенорындарының жер қойнауын кеңейту мүмкіндігі. 
Бұл Келісімшарттарды берудің басты маңызы – ЕМГ және ӨМГ еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік жағдайды сақтау және нығайту болып табылады. 
Бұл ағымдағы мұнай өндіру деңгейін ұстап тұруға және ұлғайтуға, сондай-ақ ресурстық базаны одан әрі көбейтуге, ұзақ мерзімді келешекте ЕМГ және ӨМГ еңбек ұжымдарындағы ғана емес жалпы өңірдегі әлеуметтік жағдайды сақтауға оң ықпал етеді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх