Тың жобалардың тиімді жолдары

Тың жобалардың тиімді жолдары
25.04.2017
411
Трансформация

Тың жобалардың тиімді жолдары

Биылғы Жолдауда отандық кәсіпорындарда тың технологияларды енгізуге күш салу қажеттігі туралы айтылды. «Ембімұнайгаз» АҚ бұл жұмысты табысты жүзеге асып жатқындығын айтуға болады. Жобалар шығындарды азайтып, еңбек өнімділігін өсіруге бағытталған. Кәсіпорында көліктік қамтамасыз ету бойынша «Жайықмұнайгаз» басқармасында енгізілген жоба алға қарай барлық басқармаларда қолданылатын болады. Жалпы бұл не үшін қажет?

– Бүгінгі күні әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеп кеткенінен қарамастан, «Ембімұнайгаз»АҚ алдында сол мұнай баррелі 100 доллар болған кездегідей міндеттер тұр. Компания жоспарланған мұнай көлемін өндіруге, сөйтіп алға қарай дамыту үшін табыс түсіруге міндетті. Бұл жерде компанияда жұмыс орнын және мемлекет пен жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді сақтап қалу қажеттігі туралы да айта кеткен жөн. Ол үшін компания өзінің капиталы мен операциялық шығындарын бақылауда ұстауы қажет. Әсіресе, мұнай бағасының төмендеген кезінде бұл аса маңызды. Ембі кеніштері өзінің берерін сарқа келгені жасырын емес, қазіргі қор базасы 10-15 жылға жетеді деп болжануда. Осы ресурстық базаны толтыру үшін қаржыны болашағы бар жобаларға – геологиялық барлау, жаңа барлау және пайдалану ұңғымаларын қазу, жаңа кен орындарын игеруге жұмсау керек. Ал бұл жобаларға қаражатты мұнай бағасының төмен жағдайында еңбек өнімділігін арттыру және ресурстарды үнемдеу арқылы ғана қол жеткізу мүмкін болады. Өткен жылы үш пилоттық жоба басталды: Уаз кен орнында интеллектуалды ұңғымаларды енгізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету процесі мен ұңғымаларды жөндеуді оңтайландыру, сондай-ақ «Ембімұнайгаз» АҚ «Транспорттық қамтамасыз ету» жобасы. Кәсіпорындағы көліктік қамтамасыз ету жағдайына талдау жүргізе отырып анықталғаны, өндірістегі көлік жағдайының тиімділігін арттыруға мүмкіндік бар екені белгілі болды. Мысалы, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-де аталған бағытта жағдайды жақсартуға резерв бар екені дәлелденді, – деп түсіндіреді «Ембімұнайгаз» АҚ басшысы А.Жақсыбеков. 
Үнемдеу шаралары үдеді
Бұл туралы компания мамандары не дейді? ЕМГ өндірісті келешек даму департаментінің стандарттау  және өзгерістерді басқару бөлімінің аға инженері Бекет Ғұбайдуллиннің айтуынша, жұмыс жоспарымен қатар арнаулы техника мен автотранспорттың жұмысын жоспарлау, лауазымдық нұсқамалар мен жанар-жағар майды есептен шығарудың форматы қарастырылды. Онда тәртіпті күшейту, өндіріске қажетті көліктерді реттеу, механиктің рөлін арттыру, транспорт шығындарын бөлек есептеу сынды жұмыстар жүргізілді. Жанар-жағар майды үнемдеу шаралары оны 22% үнемдеуге мүмкіндік туғызды. Ал үнемделген қаражатқа жүк көлігі доңғалақтарын жамау станогі, 20 тонналық гидравликалық тұрақ пресі, аккумуляторшы, моторшы мен автожөндеушіге қажетті, т.б. құрал-саймандар алынды. Алға қарай С.Балғымбаев кен орнында автотұрақ, көлік жуу бекеті, жылытылған жөндеу бокстарын салу жоспарланып отыр. 
Арнаулы техника мен автотранспорт цехының басшысы Көбей Әбілқайыров аталған жобаның мән-мақсатын жақсы түсінетіндігін айтады. Автотранспортты жоспарлау, жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектерді есепке алу және бөлу, еңбек тәртібін сақтау автотұрақта жақсы жолға қойылған. Көлік бұзылған жағдайда жөндеу бригадалары жедел жетеді, жұмысшылар уақтылы тасымалданады. «Бірақ, шыны керек, қазіргі уақытта кейбір кен алаңдарында автотұрақтың жоқтығынан көліктер қандай ауа-райында да далада қалады. Қыста от алдыру да қиын, ол жұмыс кестесіне кері әсер етеді, көлік жиі бұзылады. Сондықтан кеніштерде автотұрақ салынса, ол көп түйінді мәселені шешеді» дейді цех басшысы. Сондай-ақ ол кенішаралық жолдардың жөнделуі жүйелі жолға қойылса деген жүргізушілер тілегін де жеткізді. Өйткені, әсіресе тұзды ауыр су тасыған көліктерге жолсызбен жүру өте қиын.  
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету 
сапасы жақсарды
Компанияда қолға алынған жаңа жобалардың бірі – материалдық-техникалық қамтамасыз ету (МТҚ) процесін оңтайландыру. Келешек даму департаментінің директоры Денис Пактың айтуынша, жоба мақсаты – қоймадағы қорларды сақтандыру деңгейіне дейін төмендету, қорлардың айналымын жақсарту, материалдық ағым қозғалысының және МТҚ жүйесін бақылаудың ашықтығын арттыру. Стандарттау және өзгерістерді басқару бөлімінің басшысы Гүлмира Ахметова Жоба аясында жауапкершіліктің қайталануы, артық келісім сынды қажетсіз процестер алынып тасталып, барлық құжаттардың ашық та түсінікті болуы қадағаланғанын айтса, аға инженер Ахмет Мақситбеков нормативтік-анықтамалық ақпаратты жасақтау барысында тауарлар, жұмыс, қыметтердің анықтамалығы өңделіп, мұнда да қайталаулар алынып тасталғанын атап өтті. 
– Жұмыстың соңғы кезеңі болып SAP бағдарламасы жүйесінде МТҚ процестерін автоматтандыру саналады. АҚ, МГӨБ, ЕМЭБ, ӨТҚжЖК басқармаларында мамандарды жаңа жоспарлау схемасына оқыту жұмыстары жүргізілді, SAP-қа құжаттарды резервтеу (МТҚ өндірістік сұраныс) және қойма қорларын болжамды пайдалану негізінде материалдық шығындар бюджеті жасақталған. Бұрын «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік бөлімшелері сатып алу бюджетін жасақтаған кезде, қойма қорлары есепке алынбайтын еді. Деректерді бюджеттеу мақсатында SAP ERP-дан  SAS FM-ға автоматты түрде ауыстыру жүзеге асырылды. SAP-та тауарларды сатып алу жоспары жасақталды, өткізілген сатып алу процедуралары туралы ақпарат енгізілді, тұтынушылардың сұранысы бойынша уәкілетті органдарға («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР Энергетика министрлігі) тапсыруға арналған МТҚ процестерінің міндетті есептері, сондай-ақ материалдық ағымдар қозғалысының есебі (айналымдылық, АВС-талдау, шарттар, тұтыну, МТҚ деңгейі бойынша түсімдерді талдау жоспар-деректері) тұтынушыға (департамент, өндірістік бөлімше, сақтау орны, шығындардың пайда болу орны және т.б.) қажетті жаңа қырынан жасақталуда. Бүгінгі таңда өнеркәсіптік қолданысқа SAP-та автоматтандырылған МТҚ процестерін енгізу және SAP жүйесінен тыс Excel жұмысына тыйым салуға бұйрық шықты. КРІ, яғни, әр түрлі көрсеткіштерді сараптау нәтижесінде МТҚ процесіне қатысушылардың қызметі өлшенетін және өте тиімді бола бастады, есепті жедел қалыптастыру есебінен қызметкерлер жұмысының уақыты оңтайландырылған, материалдық ағын қозғалысы бойынша деректер SAP жүйесінде дәл орындалған күнінде көрсетіледі. Нәтижесінде, төмендегідей нәтижелерге қол жетті: 2016 жылы қойма қорлары 13%-ға азайды, 2017 жылдың соңына қарай тағы 18%-ға азайту жоспарлануда, сонымен қатар қорлар айналысы жақсарды, 2015 жылы – 239 күн, 2016 жылы – 225 күн болса, 2017 жылдың соңында – 180 күн жоспарланып отыр, – дейді өндірісті келешекте дамыту департаментінің инженері Айгүл Тәжіғалиева. Ал бюджет және экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрсауле Тәжімағамбетованың атап өткеніндей,  тиімділіктің шешуші көрсеткіштері бекітілгенге дейін қызметкерлер мұның артық-кемін анықтау үшін іс жүзінде іске асырып көрген. Оңтайландыру жұмысын одан әрі жүзеге асыру үшін ұйымдастыру шаралары өтіп, бірақ ешбір маман жұмыстан қысқармаған. Тек ішкі ауыс-түйістер ғана орын алған. Нәтижесінде МТҚ бизнес-процесіне қатысушылар бір мақсатқа жету үшін бір командаға жұмылып еңбек етуде.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх