Қайырымдылық жасау – үлкен сауапты іс

Қайырымдылық жасау – үлкен сауапты іс
25.04.2017
372
Жастар

Қайырымдылық жасау – үлкен сауапты іс

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жас мамандар кеңесі күнделікті міндетті жұмыстан өзге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Басқарманың барлық өндіріс орындарындағы, басқарма апппаратындағы жас мамандар бірігіп, қайырымдылық көмек беру жұмыстарын қолға алды.

2016-2017 жылдар аралығында Қаратондағы мұнай дайындау және айдау цехының операторы Бектұрған Қартқожақовтың ауруға шалдыққан ұлына демеушілік көмек ұйымдастырды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар орталығы жәрмеңкелеріне қатысып, қолдан жасаған бұйымдарын алып, аялы алақанның жылуын аңсап жүрген періште сәбилерге үлкен қолдау көрсетті. 
2017 жылдың сәуір айында Жылыой аудандық «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жағдайы төмен, көп балалы, асыраушылары жұмыста жоқ, мұқтаж отбасыларға жас мамандар кеңесінің белсенді мүшелері азық-түлік таратып, көмек қолын созды. Сонымен қатар Г.Таласбаева басшылық ететін Қосшағыл ауылында орналасқан аз қамтылған отбасы балалары тәрбие алатын № 2 мектеп жанындағы интернатына балалардың тәрбие жұмыстары, ашық сабақтарына, мерекелік концерттеріне қажет дыбыс ұлғайтқыш пен музыкалық үн шығарғыш колонканы сыйға тартып, балаларды үлкен қуанышқа бөледі. Аталған шарада мектеп интернат оқушыларына спорттық жабдықтар мен ойыншықтар, тәтті тағамдар мен сусындар ұсынып, дастархан жайып, әдемі сұхбат, кездесу ұйымдастырды. Оқушылар мен ұстаздары алғысын жаудырып, жылы тілектерін айтты. 
Атап өтерлігі, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жас мамандар кеңесі бұл шараларды алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Қолдан келгенше айналасына көмек беру, жақсылық жасау әрбір жақсы адамның, жүрегі мейірімді маманның басты міндеті деп есептейміз, себебі біздер бәріміз, айналамызға мейірім шуағын сеуіп, қазақ мұнайының қара шаңырағы – «Ембімұнайгаз» АҚ жас мамандары деген абыройлы атаққа лайықты болуымыз керек.

Сырымбек Сарсембаев, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, Жас мамандар кеңесінің белсенді өкілі 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх