Шеберлер біліктілігін шыңдауда

Шеберлер біліктілігін шыңдауда
25.04.2017
506
Қызметкерлер

Шеберлер біліктілігін шыңдауда

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС

«Ғасыр өмір сүр, ғасыр үйрен» дегендей, қашанда біліміңді жетілдіріп, ой-өрісіңді кеңітудің пайдасы мол. Бұл адамның кәсіби тұрғыдан өсуіне септік етеді. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «PITC» оқу орталығымен бірлесіп, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері үшін «Ұңғыларды күрделі жөндеу» модулдік бағдарламасын дайындаған болатын. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС шеберлері өткен жылдың күзінен бастап осы оқу бағдарламасына кіріскен еді.

Жарты жылды қамтитын 6 модулден тұратын бағдарламаны қызметкерлер сәтті аяқтады. Үш топқа бөлініп оқыған мекеме шеберлерінің соңғы тобы биылғы жылдың ақпан айында оқуды тәмәмдады. Осылайша, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері білімдерін тағы да бір сатыға көтеріп, тереңдетті. 
Серіктестіктің ӨТБ бөлімінің бастығы Н.Ермаганбетовтың айтуынша, ұзақтығы 6 айға созылған оқу барысында шеберлердің үйренгені көп. Оқу барысында қызметкерлер тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындауға үйренді. Ал, комиссия мүшесі, ҚҚБжЕТБ жетекші инженері Д.Нокеров Модулдік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктерді қалыптастыруға септігі зор екенін айтады. Бизнес тренер Абдулахат Исмаиловтың  айтуынша, «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі».  Модулдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) шеберлердің әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу болып табылады. Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, процестерін, яғни алуан түрін ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, қарым-қатынас жасау, ойын және тақырып бойынша бағытталған, – деп атап өтті белгілі халықаралық профессор, ғылым кандидаты. Бағдарлама қорытындысы бойынша оқудың соңғы күні емтихан болды. Қатысушылар 6 ай бойы алған білімдерінің нәтижесін көрсетті. 16 шебер әр тақырып бойынша өздері презентация жасап, слайд шоу арқылы комиссия мүшелерін таныстырды. Ал қорытынды кезеңнің оқуы бойынша, Комиссия мүшесі Н.Ермаганбетов шеберлердің білімін тексеру барысында жан-жақты сұрақтар қойып, көңілге қонымды жауаптар алды. Ақылдаса келе, ең үздік ой деп 1-орын СКЖ шебері Алпамыс Бермаганбетовке, 2-орын, Цех бастығының орынбасары Санат Базыловқа берілді. Ал 3-орын қос бірдей қызметкерге бұйырды. Олар: цех бастығының орынбасары Расул Джусипбеков және СКЖ шебері Руслан Баймаганбетов. Шеберлердің «PITC» оқу орталығынан білімін тереңдеткенін растайтыны туралы арнайы сертификаттар табысталды. Сөз соңында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС шеберлері өздерінің ризашылықтарын айтып өтті. Болашақта осындай оқулар жиі болып тұрса екен деген тілектерін білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх