‘‘Брейн-ринг’’ ойыны өтті

‘‘Брейн-ринг’’ ойыны өтті
25.04.2017
5855
Қызметкерлер

‘‘Брейн-ринг’’ ойыны өтті

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамында Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Брейн ринг» зияткерлік додасы болып өтті. Шараның мақсаты қызметкерлердің корпоративтік ынтымақтастығын арттыру, танымдық-шығармашылық мүмкіндіктерін, интеллектуалдық білімдерін жетілдіруге бағытталды.

3 кезеңді қамтитын «Брейн ринг» ойынына 17 команда қатысып, барлығы 30 сұраққа жауап берді. Сайыс барысында қазақ мұнайының тарихы, экономика, логика, спорт сияқты түрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Ережеге сәйкес әр команда 1 минут уақыт ішінде өз жауаптарын қағазға түсіріп, қазылар алқасына тапсырды. 3 кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды анықтады. Тартысты сайыста 1-ші орынды «The Experts» командасы иеленсе, 2-орынды «SASлуживцы» және 3-орынды «Комета» командалары иеленіп, дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз атанған «The Experts» командасына Компанияның арнайы кубогы табысталды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх