Ембіде жаңа басшы

Ембіде жаңа басшы
12.05.2017
356
Жаңалықтар

Ембіде жаңа басшы

«Ембімұнайгаз» АҚ-на жаңа басшы – Басқарма төрағасы болып Ануар Еркінұлы Жақсыбеков сайланды. Ұжым алдында сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев Директорлар кеңесі осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. 

– «Ембімұнайгаз» АҚ басқаларға үлгі кәсіпорын. Әлемдегі экономикалық қиындықтарға, қаржылық дағдарысқа қарамастан бар мүмкіндігін толық жұмсауда. Компанияның қаржылық жағдайы да өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп келеді. Ол мына сіздердің, мұнайшылардың арқасы. 
Жалпы, Қазақстанға, елімізге ембілік мұнайшылар көп еңбек сіңірді. Биыл компанияның 95 жылдығы аталып өтілмек. Біздің кен орындарымыз ескі болғанына қарамастан, жоспар орындалып отыр. Халықтың, жұмысшылардың жағдайы жақсарды, жалақыны уақытында алып отыр, әлеуметтік жеңілдіктер жақсы жолға қойылған. Бүгінгі күні «Ембімұнайгазда» жұмыс жасау абыройлы екені де рас. Сондықтан компаниядағы жобаларды, бағдарламаларды әрі қарай орындау үшін жаңа басшы сайлайтын кез келді. Сол себепті бұған дейін «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар мен технологиялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген Ануар Еркінұлын осы лауазымға сайлау туралы шешім қабылданды. Мен де осы кәрі Ембінің қабырғасында өскен адаммын, Ануар Еркінұлы да еңбек жолын осында бастаған. Компанияның қазіргі көрсеткіштері жақсы. Алда да жасалар жұмыстар көп. Геологиялық барлау, жаңа кен орындарын ашу, ресурстық қорды күшейту, Прорвада газды утилизациялау зауытын аяқтау, ұжымдағы тұтастықты сақтау, басқа да көптеген істер күтіп тұр. Сондықтан жаңа басшының еңбегіне табыс тілеймін, – деді Құрманғазы Орынғазыұлы. 
Өз кезегінде Ануар Еркінұлы да сөз алып, сенім білдірілгеніне алғыс айтты және оны ақтауға бар-күш-жігерін салатынын мәлімдеді. 

Жаксыбеков Ануар Еркінұлы – бұл жаңа лауазымға дейін ЕМГ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ал бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру блогында геология және геофизика департаментінің директоры, «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-де  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан геологиялық барлау менеджері, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының геология және кен орындарын игеру  жөніндегі орынбасары, «Қашаған Б.В.» ФЧКОО бас директорының келешек жобалар және операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх