«Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» «Өзенмұнайгаз» АҚ

12.05.2017
428
Әлеумет
«Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» «Өзенмұнайгаз» АҚ
9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов, Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Қуанбай Бөбекбаев пен Кеңесбай Еңсегеновтің шаңырақтарында болып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.
Мерекеге орай ізгі тілегін жеткізген Дәулетжан Хасанов ардагерлерге қаржылай сыйлық табыс етті. Өз кезегінде ардагер ақсақалдар ризашылығын білдіріп, баталарын берді.