«Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» «Қаражанбасмұнай» АҚ

12.05.2017
454
Әлеумет
«Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» «Қаражанбасмұнай» АҚ
Жеңіс күніне орай «Қаражанбасмұнай» компаниясы бірқатар мерекелік шараларды қолға алып, Түпқараған ауданы мен Ақтау қаласы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап, «Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» деген атпен акция өткізді. 90-нан асқан қариялардың көбісі өздіктерінен қозғалып жүре алмайды. Осыны ескере отырып, компания қызметкерлері соғыс ардагерлерінің үйіне барып Виктор Васильевич Нечаевті, Қамқа Үмбетқалиқызын, Асан Аймағамбетовті, Ибрайким Мәмбетұлын құттықтап, бағалы сыйлықтарын табыстап, құрмет белгісін көрсетті.