Жаңа нысан – мұнайшылар игілігіне!

Жаңа нысан – мұнайшылар игілігіне!
12.05.2017
449
Әлеумет

Жаңа нысан – мұнайшылар игілігіне!

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №1 Мұнай-газ өндіру басқармасы, №11 Мұнай-газ өндіру цехына қарасты №4 топтық қондырғының 15 адамдық заманауи үлгідегі мәдени үйшігі бой көтеріп, мұнайшылар игілігіне берілді.

Цех бастығы Әділбек Олжабаев: «Елу жылда ел жаңа» деген осы! Жыл өткен сайын мұнайшыларымызға арналған мәдени үйшіктер салынып отыр. Еңбекке қолайлы жағдай жасалынды, енді әріптестеріме жемісті еңбек ету ғана қалып тұр», – дейді.
Басқарма кәсіподақ төрағасы Ибрагим Сатыбаев «көш жүре түзеледі» демекші, жыл өткен сайын пайдалануға беріліп жатқан мәдени үйшіктердің сапасының жақсару үстінде екендігін, мәселен, аталмыш нысан маңы көгалдандыруға ыңғайланып тор шарбақтармен қоршалғанына тоқталып өтті. Мұнай саласында 40 жылға жуық еңбек етіп жүрген мұнай-газ өндіру операторы Жаңыл Таңбаева басшылық тарапынан жасалынып жатқан қамқорлыққа қуанышты екендігін жеткізе отырып, «талапқа сай салынған нысанды біз еңбегіміз бен маңдай теріміздің қарымтасы деп түсінеміз. Жағдайдың жақсаруы – біздің жарқын болашаққа деген сенімімізді арттырады», – деді.
Шара соңында, «Ақтауойлмаш» ЖШС мердігер компаниясының техникалық директоры Кизат Абылқайыров №11 МГӨЦ бастығы Әділбек Олжабаевқа символикалық кілтті табыстады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх