«Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік байқауы басталды

«Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік байқауы басталды
12.05.2017
519
Қызметкерлер

«Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік байқауы басталды

18 сәуір күні Қаражанбас кен орнында «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлері арасында дәстүрлі «Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік байқауы басталды. Байқаудың мақсаты – жұмыскерлердің кәсіби шеберлігі мен біліктік деңгейін көтеру және оларды еңбекке ынталандыру. 

Байқауды жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Нұркен Қаражанов пен Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлім бастығы Жайлау Рүстембек құттықтау сөздерімен ашты. Шеберлік сайысы 18 сәуір – 31 мамыр аралығында 18 аталым бойынша өтеді.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх