Қасиетті Рамазан айы қабыл болсын!

Қасиетті Рамазан айы қабыл болсын!
29.05.2017
450
Әлеумет

Қасиетті Рамазан айы қабыл болсын!

Биыл қасиетті Рамазан айы мамырдың 27-і күні басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас имам Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқын құттықтап, үндеу жолдаған болатын. «Рамазан – мол сауап жинайтын қасиетті ай. Адам баласы ізгі амалы арқылы Жаратушының рақымына, нығметіне кенеледі. Зекет беру – жағдайы келген (шариғат бойынша нисап мөлшеріне жеткен) мұсылманға парыз. Ал зекет берекелі рамазан айында берілсе, оның да сауабы еселеніп жазылады. Осынау жақсы амалдар рамазаннан кейінгі айларда да жалғасын тапса нұр үстіне нұр. Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазанда жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, әрбір игі бастамаларымыз баянды болғай! Әумин!» деп айтылған бас имам үндеуінде. 
Қасиетті Рамазан айында барлық ізгі ниеттеріңіз бен тілектеріңіз, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Отбасыларыңызға амандық, ынтымақ-бірлік, ырыс-береке тілейміз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх