Тәжірибе алмасу – өндіріс мәдениетін нығайтады

Тәжірибе алмасу – өндіріс мәдениетін нығайтады
29.05.2017
379
Қызметкерлер

Тәжірибе алмасу – өндіріс мәдениетін нығайтады

Тәжірибе алмасу шарасы аясында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС 2016 жылдан бері «Мaersk Oil Kazakhstan» ЖШС халықаралық компаниясы үшін қызмет көрсетіп жатқан Дунга кен орнында болды. 

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС Өзен және Қарамандыбас кен орындарындағы ұңғымаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сапар барысында мекеме мамандары «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС ұңғыларды күрделі жөндеу бригадаларында болып, өндіріс қуаттылығымен, халықаралық стандарттарға сәйкес (АРI) пайдаланылатын технологиялар және талаптармен танысты. 
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС көрсетілетін қызмет сапасын көтеру мақсатында кен орын аралау барысында алынған халықаралық стандарттарды тәжірибеде қолдануды жоспарлап отыр. 
Мұндай тәжірибе алмасу шаралары өндіріс мәдениетін арттыруға ықпал етеді, еншілес ұйымдар арасында бақылау кеңесінің ақпарат алмасуын жақсартады және ол ұдайы жүргізіліп отыратын болады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх