Салтанатқа арналған салтанат

Салтанатқа арналған салтанат
29.05.2017
398
Әлеумет

Салтанатқа арналған салтанат

Зейнеткерлік жасқа жету де ғанибет шығар. Өйткені, ұзақ жылдар үздіксіз жұмыс жасап, енді соның қызығын көру, жемісін жеу де бір бақыт қой. «Ембімұнайгаз» АҚ да көп жылдар еңбек еткен маман, құжаттамалық қамтамасыз ету тобының жетекшісі Салтанат Қалиеваны жуырда құрметті демалысқа шығарып салды.

Салтанат Табылғанқызы еңбек жолын балабақшада бастап, одан ұстаздық жолды таңдаған. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу кез-келгеннің бағына бұйырмаған, оны тек адам жанына терең үңіле білгендер ғана меңгеріп кетеді. «Еңбек ширатады, өмір үйретеді» демекші, кейін комсомол жұмыстарына белсене араласып, лауазымды қызметтерді атқарып, шыңдалып, үлкен бір өмір мектебінен өтеді. Отбасын құрып, ұл мен қыз сүйіп, ана болу бақытына ие болды.
«Казахойл-Эмба» ААҚ-ның кадр және әлеуметтік саясат департаментінде жасаған жылдарынан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі еңбек жолы қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын Ембіде өтті. Әріптестері адамгершілігі жоғары, өте сауатты, кәсіби шеберлігі шыңдалған, қоғамдық жұмыста белсенді, жастарға қамқор, достыққа берік, өнерлі, қысқасы, сегіз қырлы, бір сырлы адам ретінде Салтанатты ерекше құрметтейді. Оның басшылығымен Қоғамда «Lotus Notes» электрондық құжат айналымы жүйесі енгізіліп, электронды мұрағат жасақталуда. 
Салтанат Қалиеваны құрметті демалысқа шығарып салу салтанатты жиынында алдымен «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Ануар Жақсыбеков құттықтап, жылы лебізін арнады және Құрмет грамотасы мен естелік сыйлықты табыс етті. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, мұнайгаз өндіру басқармалары, мұнайшылар кәсіподағы, еңбектес әріптестері  де құттықтап, кәсіпорынға сіңірген еңбегі үшін ризашылық білдіріп, жайлы демалыс тіледі. Оның өмір жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, жастар бірнеше әндер шырқап, кеш сәнін арттыра түсті. Салтанат Табылғанқызы да соңында толғана сөйлеп, еңбек-өмір жолына риза екендігін айтып, осындай құрметке алғысын білдірді.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх