‘‘Мұнай өндірісі – бала көзімен’’

‘‘Мұнай өндірісі – бала көзімен’’
16.06.2017
404
Әлеумет

‘‘Мұнай өндірісі – бала көзімен’’

«Ембімұнайгаз» АҚ Қазақ мұнайының қара шаңырағының 95 жылдығына орай және 1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты мұнайшылар балаларының шығармашылығын дамыту және насихаттау мақсатында «Мұнай өндірісі – бала көзімен» тақырыбында жас суретшілердің байқауын өткізді. Оған «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің 7-13 жас аралығындағы балалары қатысты. Сайысқа қатысушы өзінің шығармасында тақырыпты кеңінен ашып, ата-анасының жұмыс орнын, атқаратын қызметін сурет арқылы көрсетулері және сурет өздері салуы тиіс болатын. Жеңімпаздарды анықтау сайыскерлердің жас мөлшеріне қарай сараланды. 
Байқауға мұнайгаз өндіру басқармалары мен қосалқы бөлімшелерден барлығы 50 бала қатысқан, соның ішінде тақырып аясында табысты еңбек ете білген 26 баланың жұмысы іріктеліп алынды. Мұнайшы балаларының дүниетанымын, шығармашылығын дамытуға негізделген байқаудың қорытындысында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Оның ішінде Мақтау қағазымен қатар қазақ мұнайы туралы бала ұғымына сай жазылған танымдық-тағылымдық кітап, ұялы телефон, сонымен қатар барлық балаға «Ембімұнайгаз-95» логотипі басылған футболка мен бейсболка табысталды. 
– Осындай шараға үлкен ізденіспен, шығармашылық талпыныспен қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға рахмет айтамыз. Алға қарай да дендерің сау болып, ата-ана ақылын алып, сабақты жақсы оқуларыңызды тілеймін, – деді балаларға марапат табыстаған «Ембімұнайгаз»АҚ Басқарма төрағасы Ануар Жақсыбеков. Сонан кейін балаларға мерекелік дастархан жайылып, тәтті тағамдар ұсынылды.

Әсел Талғат:
– Мен анамның жұмыс орнының осындай байқау ұйымдастырғанына өте ризамын. Нәтижеге жеткеніме де өте қуаныштымыз. Осындай мазмұнды шара үшін Компанияға көп-көп рахмет. 

Мұфтолла Нұрболат:
– Бүгін мен үшін өте қуанышты күн, сурет салу байқауынан жүлделі болдым. Ата-анамыздың мұнай саласындағы еңбектері де жемісті болсын. Осындай байқау ұйымдастырғандарыңыз үшін Сіздерге рахмет айтамыз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх