Ембімұнайгаз қайырымдылық шарасын өткізді

Ембімұнайгаз қайырымдылық шарасын өткізді
16.06.2017
439
Әлеумет

Ембімұнайгаз қайырымдылық шарасын өткізді

7 маусым күні «Ембімұнайгаз»АҚ мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Оған 350-ге тарта бала қатысты.

«Біздің Компания биыл өзінің 95 жылдық мерей тойын атап өтеді. 1922 жылы «Ембімұнай» тресі болып құрылған Компания күні бүгінге дейін өнім өндіріп, еліміздің және Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып келеді. Ембілік мұнайшылар мұнайлы өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларын үнемі қамқорлыққа алып, қолдау көрсетуде. Компанияның 95 жылдығына орайластырылған мерекелік шарамыз осы балаларға арналған акциядан басталып отыр», – деп атап өтті қайырымдылық шарасында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы А.Жақсыбеков.
Қайырымдылық шарасы кезінде балалар мен олардың ата-аналары цирк труппасының қойылымына қатысып, қазақ эстрадасының жұлдызы Абай Бегейдің өнерін тамашалады. Мерекелік шараның соңында балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх