Мұнайшы денсаулығы – Кәсіподақ назарында

Мұнайшы денсаулығы – Кәсіподақ назарында
16.06.2017
443
Әлеумет

Мұнайшы денсаулығы – Кәсіподақ назарында

«Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ ұйымы мұнайшылардың еңбек демалысын тиімді әрі пайдалы өткізу мақсатында осы жылға 1 200 жолдама сатып алды.

«Жақсы демалған адамның өнімді жұмыс жасайтыны бесенеден белгілі. Дәрігерлердің айтуынша, әріптестеріміз арасында қан қысымы, қант диабеті, жүрек қан тамырлары, буын, асқазан аурулары жиі ұшырасады. Сондықтан, біз осы ауруларды емдейтін шипажайларға барынша көп жолдама алуға жұмыстандық. Біз жолдама алмастан бұрын шипажайларға барып, олардың жай-күйімен танысамыз. Олардың қызмет көрсету деңгейі, дәрігерлерінің біліктілігі де біздің тарапымыздан ескеріледі», – дейді Кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов.
Бүгінгі күні 120 мұнайшы «Алатау» (Алматы) шипажайында, 100 мұнайшы «Сарыағаш» (Шымкент) шипажайында демалып, денсаулығын түзеп жатыр. Адам денсаулығын жақсартуда, сан түрлі сырқаттан сауықтыруда шипажайлардың игі әсері мол екені сөзсіз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх