Міндетті медициналық сақтандыру

Міндетті медициналық сақтандыру
27.06.2017
502
Әлеумет

Міндетті медициналық сақтандыру

(Жалғасы, басы алдыңғы санда)

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары:

Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу! 

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?
МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді. 
Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;
Барлығы айқын түрде болады!
Сақтандырылған азамат электрондық денсаулық сақтау кабинетіндегі жеке парақшасына кіріп, көрсетілген медициналық қызметтер, денсаулық жағдайы, төленген жарналар туралы ақпаратпен таныса алады. 
МӘМС-ті таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?
Егер азаматқа жарна аударылатын болса, ол автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Осылайша, ең төменгі деңгейде жарналық аударымдар жасай отырып, азамат медициналық қызметтің бүкіл пакетін, оның ішінде қымбат қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алады.  
Қор өз кезегінде тиісті талаптарға сәйкес келетін медициналық қызметтер көрсетуші мердігерлермен келісім шарт жасап, медициналық қызмет сапасын қатаң бақылайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры келесі функцияларды атқарады:
► Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясындағы медициналық қызметке төлем жасау жөніндегі қаржылық оператор. 
► МӘМС аясындағы медициналық қызметтер пакетінің стратегиялық сатып алушысы.
Есте сақтаңыз!
Қор әрдайым сақтандырылған азаматтар-медициналық көмекке жүгінушілердің мүддесін қорғайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы барлық азаматтардың аударған қаржылары Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорында (МӘМС) жинақталады.
Қор медициналық қызмет көрсетуші мердігерлерге жасалған келісімнің шарттарына сәйкес ақы төлейді.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жеке табыстары мен қорда жинақталған жарнасының көлеміне тәуелсіз қызметтер бірдей қолжетімді болады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?
► Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі. Оған профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілікті  бақылау, медициналық манипуляциялар кіреді.
► Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы әдістерді қолдануды және күрделі медициналық технологияларды қажет ететін профилактика, диагностика және емдеу шаралары кіреді.
► Жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі.
► Жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде   көрсетіледі.
► Дәрілік қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.
► Мейірбикелік күтім – ауру салдарынан өз-өзіне қызмет ете алмайтын, бөгде адамның әрдайым күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға көрсетіледі.
► Паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын  барынша жақсартуға бағытталған.
Есте сақтаңыз! 

Мемлекет келесі медициналық қызмет түрлерін тегін қамтамасыз етеді:
– Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация:
– Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу барысындағы медициналық көмек (қатерлі ісік аурулары, туберкулез, қант диабеті және т.б.) және шұғыл жағдайларда. 
– Профилактикалық вакциналау.

МӘМС жағдайында дәрілік қамтамасыз ету қалай жүргізіледі?
Амбулаторлық-емханалық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету дәрігер жазған рецепттің негізінде, бекітілген дәрілік заттар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Тізім 47 науқас бойынша дәрілік қамтамасыз етуді қарастырған. 
Стационар жағдайында дәрілік қамтамасыз ету бекітілген Дәрілік формулярларға сәйкес жүргізіледі. 

Қор активтерін сақтауды қамтамасыз ету
1. Мемлекет Қор активтерін сақтауға кепілдік береді.
2. Қор активтерін сақтау келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:
1) Қор қызметін реттеуді Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен шектеулер қою арқылы;
2) Инвестициялық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қор активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық операцияларын есепке қою;
4) Қордың  өз қаржылары мен активтерінің есебін жеке бөліп  жүргізу;
5) Жыл сайын тәуелсіз аудит өткізу;
6) Қордың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітілген бухгалтерлік және қаржылық есеп беру тәртіптеріне сәйкес есеп беруі;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан Қор активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарын анықтау. 
Сонымен қатар, заң жобасында қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын нақты талаптар мен шектеулер белгіленген. 

ӘМСҚ қызметінің ашықтығы келесі жолмен жүзеге асырылады:
• Жарналар мен қаржылар түсімдеріне күн сайын бақылау жасау;
• Көрсетілген медициналық қызметтерді ай сайын бақылау;
• Өкілетті органдарға (Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігі, Үкімет, Есеп комитеті) қаржыны пайдалану туралы стандартты есептер тапсыру;
• Жыл сайын қоғамға арналған Жылдық есептерді жариялау (газеттерде – қысқаша, веб-сайт пен бірқатар БАҚ-та толық есепті жариялау)
• ӘМСҚ-ның веб-сайтын жүргізіп, онда келесі мағлұматтарды жариялау:
1) ӘСМҚ-ның стратегиялық құжаттары (5 жылға арналған стратегиялық жоспарды, қысқа мерзімді даму жоспарын, жылдық жоспарды жариялау);
2) Сақтандырушыларға арналған ақпарат: жалпы (құқықтары, міндеттері, мүмкіндіктері, жаңалықтар, қызмет көрсету шарттары мен тарифтері); жеке кабинет арқылы – ӘМСҚ-ның жарна аударушы және қызметті пайдаланушы пациентке есебі. 
3) Мердігерлерге арналған ақпарат (нормативтік-құқықтық актілер,сатып алу ережелері, тарифтер, мердігерлермен келісімдердің мазмұны, оның ішінде қаржылық мәліметтер де, түрлі жоспарлар – сатып алу және бақылау).
4) Медициналық көмек көрсету саласындағы әртүрлі зерттеулер, сараптаулардың нәтижелері.
• Мердігерлердің рейтингін жариялау (веб-сайтта, газеттерде).
• Мүдделі тараптармен жүйелі және мақсатты кездесулер өткізіп (мердігерлердің, пациенттер ұйымдарының өкілдерімен), пробемалық сұрақтарды немесе жоспарланып отырған жаңалықтарды талқылау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің материалдары бойынша

(Көрнекілік суреттер интернеттен алынды. Жалғасы бар)

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх