Министр мұнайшылармен кездесті

Министр мұнайшылармен кездесті
11.07.2017
449
Әлеумет

Министр мұнайшылармен кездесті

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қызылорда облысына болған жұмыс сапары аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесінде болды. Министр компания Басқармасымен және еңбек ұжымымен, сондай-ақ қаланың ірі және орта бизнес-құрылымдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов жүргізіп отырды. 

Жиында биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіле бастаған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарының маңыздылығы сөз болды. 
– Жақында жұмыс берушілер және кәсіпкерлер ұлттық медициналық қорға төлемдерін бастайды. Қазіргі таңда арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар жылдың соңына дейін де, одан кейін де жалғасын табатын болады. Бұл жүйе мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Міне, сондықтан да бұл іс-шара өзекті және уақытылы болып отыр. Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына, жұмыс берушілер – қызметкерлеріне, ал жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздеріне жарна төлейтін болады, – деді Е.Біртанов. 
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов енгізіліп жатқан МӘМС жүйесінің негізгі артықшылықтарымен бірге ең көп қойылатын өзекті сұрақтарға жауап берді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх