‘‘ЭКСПО-дан алған әсеріміз өте керемет!’’

‘‘ЭКСПО-дан алған әсеріміз өте керемет!’’
11.07.2017
739
Әлеумет

‘‘ЭКСПО-дан алған әсеріміз өте керемет!’’

Маусымның 28-і күні «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшыларының алғашқы легі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалады. ӨМГ мұнай газ өндіру басқармаларының және мұнай саласындағы өндірістік буындар, құрылымдық бөлімшелер жұмыскерлері әлемдік көрмені аралап, балама энергияның көзін іздестірген түрлі елдердің технологияларымен және мәдениетімен де танысуға мүмкіндік алды. Біз Өзен мұнайшыларының ЭКСПО саяхатында кездесіп, пікірлескен едік.

Сағат Қалпақов, Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасы:

– Басқармада цех бастығы болып жұмыс істеймін. ЭКСПО керемет ұнады. Айтып жеткізу мүмкін емес. Шетелдің технологиясын көрдік, тамашаладық. Түсіне білген адамға керемет. Әсерімді жеткізу мүмкін емес. ҚМГ БӨ басшыларына рахмет. Біреулер билет сатып алып та келіп жатыр. Оның қасында біздің мекеме бәрін ұйымдастырып отыр. 

Жеткер Жабаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ 3-МГӨБ:

– Мен №68-ші топтық қондырғыда шебер болып жұмыс жасаймын. Бізді осы халықаралық көрмені тамашалауға әкеліп, мүмкіндік жасап жатыр. Жақсы қарсы алды, жайлы жерге орналастық. ЭКСПО өте тамаша екен. Германия павильонында болдық. Қазір Қазақстан павильонына келіп тұрмыз. Әлде де аралаймыз. Астана жылдан жылға көркейіп, өсіп келеді. Бәрі ұнап жатыр. 

Асылбек Жарылғасов, Химияландыру және экология басқармасы:

– Басқармада машинист болып 12 жылдан бері еңбек етемін. ЭКСПО ұнап жатыр. Әсеріміз өте жақсы. Халықаралық көрмені бірінші рет көріп отырмын. Қазақстан үлкен белестерді бағындыра берсін. 

Лазым Елдосбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ 3-МГӨБ:

– Мен 5-ші цехта технолог болып еңбек етемін. ЭКСПО-дан алған әсеріміз өте керемет. Ерте келіп, ең алдымен Қазақстанның павильонынан бастадық. Үш сағат бойы араладық. Болашақта болатын жаңа технологияларды көрсетіп жатыр. Балдырдан энергия, оттегін алып жатыр. Болашақта толқынның күшімен энергия аламыз дейді. Көргенімізге өте қуаныштымыз. 

Сұлтан Жұбанов, Технологиялық транспорт басқармасы:

– Басқармада жүргізуші болып істеймін.  «Жақсыны көрмекке» деген, мекемелерді ұйымдастырып әкеліп жатыр. Ризамыз. Монако, Германия павильондарында болдым. Ұйымдастырып жатқан азаматтарға рахмет, сау болсын. Қуаныштымыз. 

Өсер Байбосынов, Химияландыру және экология басқармасы:

– Мен басқармада жүргізуші болып еңбек етемін. Мұнай өндіру үшін химия реагенттер керек. Соны тасымалдаймыз. Жұмысымыз бәрі жақсы, еңбекақы уақытында береді. Барлық жағдай жақсы. ЭКСПО жақсы. Әсеріміз күшті. Халықаралық көрмені бірінші рет көріп отырмын. Осы мүмкіндікті асыға күттік. Керемет ұйымдастырылған. 

Даулет Сисенбаев, 5-Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы:

– Мен де Жаңаөзен қаласынан келдім. 5-ші Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасында жүргізуші болып жұмыс жасаймын. ЭКСПО-ны аралап жатырмыз, бәрі ұнады. Біз көрмеген заттарды көрдік. Қаланы көрдік. Көрікті жерлерді тамашаладық. Екі күн болса да жақсы демалыс та болды. Енді ауылға жүреміз.

Сарсенбай Байкулов, 1-Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы:

– 1-Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасында слесарь болып істеймін. Мекемеде 25 жылдан бері еңбек етемін. ЭКСПО-ға келіп жатырмыз. Мекемелер жіберіп жатыр. Өте күшті. Жақсы. Шет ел көрмелерін көріп жатырмыз. Ұнап жатыр. Мұндай көрмені бірінші рет көріп отырмыз. Тамашалайтын нәрсе көп. 

Есенбай Тлепов, Технологиялық транспорт басқармасы:

– Жүргізуші болып жұмыс істеймін. Автобуспен жұмысшыларды тасимыз. Еңбек етіп жүргенімізге 40 жылдай болып қалды.  ЭКСПО-ны бірінші рет көріп отырмыз. Бәрі ұнап жатыр. Америка, Германия павильондарын көрдік. Астанаға бірінші рет келіп отырмын. Осы шараны ұйымдастырған  мекемеге рахмет. Күтіп алып, орналастырып жатыр. Ел аман болсын. Өсе берсін.

Суреттерде: Өзендік мұнайшылардың ЭКСПО көрмесін тамашалап жүрген сәттері

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх