Ой-дода интеллектуалдық ойыны өтті

Ой-дода интеллектуалдық ойыны өтті
11.07.2017
375
Жастар

Ой-дода интеллектуалдық ойыны өтті

Жаңаөзен қаласындағы Оқушылар шығармашылық үйінде «Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ой-дода» интеллектуалдық ойыны өтті. Ойынға қоғамға қарасты басқармалар мұнайшыларынан құралған 10 команда қатысты. Өз командаларына қолдау көрсету мақсатында ойынға қатысқан №3 Мұнай-газ өндіру басқармасы директоры Жеңісбек Сүлейменов пен Өзен-энерго мұнай басқармасы директоры Қалдыбай Жайылғанов өзге басқарма директорлары үшін үлгі болды. Ойынды Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бердібайұлы жүргізді. Ойын төрешісі болып Мақсат Жамилов тағайындалды. Оның құзіретінде ойын тәртібіне бағынбаған ойыншыға сары қағаз көрсету арқылы ескерту беруге, қызыл қағаз көрсету арқылы ойыншының ойыннан шеттету мүмкіндігіне ие болды. Ойыншыларға небір қызықты сұрақтар қойылды.


Нәтижесінде, білім мен ой жарысында бас жүлдені ӨТҚжЖЖБ, І орынды №1 МГӨБ, ІІ орынға  №3 МГӨБ, ІІІ орынға ӨЭМБ командалары ие болды. Кітаптар адал қызмет ете отырып, адамды адам ететінін жақсы түсінген шара ұйымдастырушылары жеңімпаздарға «білімнің бас құралы» ретінде кітаптар үлестірді. Жоғары деңгейде өткен интеллектуалдық ой-доданы тамашалаушылар сайыстан көп нәрсені көңілге буып, көкірекке түйіп қайтты.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх