Өзенмұнайгазда жаңа басшы сайланды

Өзенмұнайгазда жаңа басшы сайланды
11.07.2017
416
Жаңалықтар

Өзенмұнайгазда жаңа басшы сайланды

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығында өзгерістер болды. ӨМГ жаңа басқарма төрағасы (бас директор) сайланды және басқарма құрамында өзгерістер болды. ӨМГ бас директоры Дәулетжан Кеңесұлы Хасановтың және бас директордың бірінші орынбасары Қайырбек Сағынбайұлы Елеусіновтың өтініштері бойынша олардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Компания Директорлар кеңесінің шешімімен «Өзенмұнайгаз» АҚ  жаңа бас директоры болып Бекзат Қалышпекұлы Абайылданов сайланды. Сонымен қатар, ол  «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарады. 
Бекзат Абайылданов Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Мысырдағы Халықаралық университетті (Менеджмент және маркетинг негіздері) бітірген. «Мұнайгаз бизнесін басқару» әкімшілік ісінің шебері бойынша И.М.Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ тәмәмдауда. «Каспий Мұнай» АҚ-ның, «Матин» БК ЖШС-ның, «Арнаойл» ЖШС-ның және басқа да кәсіпорындардың бас директоры, «Өзенмұнайгаз» ӨФ қаржы департаментінің директоры болып, сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» ААҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған. 
ӨМГ басшылығындағы басқа да өзгерістерге келсек, Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров бас директордың көлік және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ, көлік жөніндегі басқарушы директор лауазымына Айтқали Өтебайұлы Башенов тағайындалды. 
Соңғы жылдары «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз» компанияларын басқарған Дәулетжан Кеңесұлы Хасанов енді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ында барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх