Қазгермұнайда жаңа басшы сайланды

Қазгермұнайда жаңа басшы сайланды
11.07.2017
422
Жаңалықтар

Қазгермұнайда жаңа басшы сайланды

«Қазгермұнай» БК» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен ҚГМ бас директорының бірінші орынбасары Кәрім Медеттің өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды. Оның орнына бұған дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті қызметін атқарған Қайыржан Есен Қайыржанұлы сайланды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Қаражанбасмұнай» АҚ Президентінің міндетін коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент Бауыржан Баймулдинов уақытша атқарады. 
Қаражанбасмұнай компаниясын басқарған Е.Қайыржан еңбек жолын енді Сыр өңірінде жалғастырады. 
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Басқармасының төрағасы Құрманғазы Есқазиев және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесінде жұмыс сапарымен болып, «Қазгермұнай»БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып сайланған Қайыржан Есен Қайыржанұлын ұжымға таныстырды. 
Есен Қайыржан 1962 жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары лауазымына сайланғанға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды, сондай-ақ «Құмкөл-Лукойл» АҚ, «Южнефтегаз» МАҚ компанияларында, «Мангышлакнефть» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ-де жұмыс істеді. В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В.Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, «РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясы» ЖКБ МБМ бітірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх